О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2017 года № 431 «Об утверждении Методики определения стоимости услуг, оказываемых в рамках государственных мер поддержки предпринимательства за счет средств республиканского бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2017 года № 431 «Об утверждении Методики определения стоимости услуг, оказываемых в рамках государственных мер поддержки предпринимательства за счет средств республиканского бюджета»
- Атауы (қаз.)
- «Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 01.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2021 159984_544217.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025028
- ЭКБ идентификаторы
- 159984
- Редакция идентификаторы
- 159984_544217
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:09
0 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 431 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16221 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 136) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесінде:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қызмет көрсету процесін үйлестіруді қамтамасыз ететін ұйым;».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі