«О внесении изменений в совместный приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2017 года №214 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 января 2018 года № 34 «Об утверждении порядка взаимодействия без интеграции информационных систем между Комитетом по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан и Министерством образования и науки Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №214 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы №34 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №214 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы №34 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:» бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі арасындағы цифрлық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі арасындағы цифрлық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі бекітілсін; 2-тармақ алып тасталсын; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Халық статистикасы департаменті Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Заң департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі арасындағы цифрлық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы « » № _____ және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2026 жылғы « » № _____ бірлескен бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы «28» желтоқсандағы № 214 бірлескен бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «31» қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі арасындағы цифрлық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі арасындағы цифрлық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Тәртіп Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Оқу-ағарту министрлігі) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро) мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бойынша әкімшілік деректерді беруі тәртібін айқындайды
Тармақ 3
3. Тәртіп қатысушылары:
Тармақша 1
1) Оқу-ағарту министрлігі;
Тармақша 2
2) Бюро.
Тарау 2. 2-тарау. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бойынша әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бойынша әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі
Тармақ 4
4. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бойынша әкімшілік деректер (бұдан әрі - әкімшілік деректер) Бюроға білім беру мониторингісінің бекітілген есептілік нысандары бойынша кесте түрінде беріледі.
Тармақ 5
5. Оқу-ағарту министрлігі Бюроға әкімшілік деректерді беру үшін мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) Ұлттық білім беру дерекқоры (бұдан әрі – ҰБДҚ) цифрлық жүйесіне қолжетімділік шеңберінде осы Қағидаларға қосымшада келтірілген әкімшілік деректер тізбесіне сәйкес деректерді қалыптастырады;
Тармақша 2
2) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей электрондық ақпарат жеткізгіштер (диск) арқылы әкімшілік деректерді береді;
Тармақша 3
3) Бюроның жауапты адамдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) әкімшілік деректердің толық болуын, анықтығы және уақтылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Бюро әкімшілік деректерді алғаннан кейін оларды үшінші тарапқа беру құқығынсыз тек статистикалық ақпарат түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін пайдаланады.
Тармақ 7
7. Оқу-ағарту министрлігі есепті жылғы 5 қазандағы жағдай бойынша қалыптастырылатын өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалар мен астана бөлінісіндегі жиынтық әкімшілік деректерді Бюроның сұранымы негізінде Мемлекеттік органдардың бірыңғай құжат айналымы жүйесі арқылы жылына бір рет ұсынады.
Басқа 1. ҰБДҚ цифрлық жүйесінің әкімшілік деректер тізбесі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі арасындағы цифрлық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібіне қосымша ҰБДҚ цифрлық жүйесінің әкімшілік деректер тізбесі № Көрсеткіштің атауы Бөлінісі 1 Жалпы білім беретін мектептердің саны, бірлік Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқу нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі бойынша (қала/ауыл), меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша 2 Бастауыш мектептер саны (1-4 сынып) Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша 3 Негізгі орта мектептер саны (5-9 сынып) Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша 4 Жалпы білім беретін мектептер саны (1-11 сынып) Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша 5 Әртүрлі пәндерді тереңдете оқытатын сыныптары бар мектептер саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша 6 Пәндерді тереңдете оқытатын мектептер саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша 7 Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептер саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша 8 Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 9 Оқушылардың жас құрамы Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жастары бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша 10 Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндіктері шектеулі оқушылар саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша 11 Әртүрлі пәндерді тереңдете оқытатын сыныптары бар мектептердегі оқушылар саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша 12 Мектеп жанындағы лагерьлер саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша 13 Мектепті «Алтын белгі» аттестатымен бітірген оқушылар саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша 14 Мектепті үздік бітірген оқушылар саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша 15 Барлық мектептер түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, сыныптар бойынша, мамандықтар бойынша, жынысы бойынша 16 Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдер саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша 17 Жоғары білімі бар мұғалімдер саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша 18 Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жанындағы кешкі бөлімшелердегі оқушылар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 19 Кешкі білім беретін мектептердегі сыныпты аяқтаған немесе келесі сыныпқа көшірілген оқушылар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жастары бойынша, жынысы бойынша 20 Кешкі мектепті аяқтаған, және негізгі орта мектепті бітіргені туралы куәлік алған оқушылар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жастары бойынша, жынысы бойынша 21 Мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 22 Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүгедек балалардың саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 23 Жалпы білім беретін мектептерді бітірген оқушылар Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 24 Негізгі орта мектепті бітіргендер Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 25 Жалпы орта мектепті бітіргендер Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 26 Кешкі мектепті бітіргендер Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 27 Аяқтағаннан кейін негізгі жалпы білімі туралы аттестат алып, білім алғандардың саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 28 Аяқтағаннан кейін орта (толық) жалпы білімі туралы аттестат алып, білім алғандардың саны: Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша 29 Күндізгі жалпы білім беретін мекемелерде, оқыту мақсатында пайдаланылатын копьютерлердің саны; оқу жылының басында Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша 30 Интернет желісіне қол жеткізумен компьютерлердің саны - барлығы Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша 31 Мектепалды даярлықпен қамтылған балалар саны, барлығы Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жасы бойынша 32 Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепалды даярлықпен қамтылған балалар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жастары бойынша 33 Мектепалды сыныптарда мектепалды даярлықпен қамтылған балалар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жастары бойынша 34 Мектепке дейінгі ұйымдардың саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, тәрбиелеу және оқыту тілі бойынша 35 Орындар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша 36 Апат жағдайындағы жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша 37 Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, оқыту тілі бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жастары бойынша, топтары бойынша, ұлты бойынша 38 Балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың даму мүмкіндіктері шектеулі және жалпы типтегі мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтардағы балалар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, оқыту тілі бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жастары бойынша, топтары бойынша, ұлты бойынша 39 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 1-6 жастағы балалар саны Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша 40 Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке 1, 2, 3, 4 және 5, 6, 7 жасқа толған 0 - 7 жастағы балалардың жас құрамы Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша 41 Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекте тұрған балалар саны, барлығы (оның ішінде 1-6 жастағы және 3-6 жастағы балалар саны) Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша,аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша 42 Мектепке дейінгі мекемелердегі педагог қызметкерлердің саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, білім деңгейлері бойынша 43 Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша,аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, білім деңгейлері бойынша 44 Мектепке дейінгі арнайы ұйымдардағы педагогтар саны Облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, білім деңгейлері бойынша 45 Білім жүйесіндегі негізгі көрсеткіштердің салыстырмалы кестесі Барлық көрсеткіштер бойынша жалпы