О внесении дополнения в решение Таразского городского маслихата от 28 ноября 2017 года №25-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Таразского городского маслихата от 28 ноября 2017 года №25-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз»
- Атауы (қаз.)
- «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-4 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36-8
- Қабылданған күні
- 05.10.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 125170_505000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GA003967
- ЭКБ идентификаторы
- 125170
- Редакция идентификаторы
- 125170_505000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:59
0 «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы
№25-4 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3626 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тарау мынадай мазмұндағы 8-1) тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Бір реттік әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда деп танылған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, босатылған күннен бастап 3 (ай) ішінде тоқсан алдындағы тоқсандық кірісі 3 (үш) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспаған жағдайда, 1 (бір) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейінде көрсетіледі».