Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решешие Таразского городского маслихата от 28 ноября 2017 года №25-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз»

Ереже · № 61-4 · қабылданған 21.08.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2017-no25-4/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решешие Таразского городского маслихата от 28 ноября 2017 года №25-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз» Күшін жойған Ереже ·№ 61-4 ·21.08.2020
23.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решешие Таразского городского маслихата от 28 ноября 2017 года №25-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз»

Күшін жойған Ереже ·№ 61-4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решешие Таразского городского маслихата от 28 ноября 2017 года №25-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз»
Атауы (қаз.)
«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61-4
Қабылданған күні
21.08.2020
Қолданысқа енгізілген күні
13.09.2020
Көрсетілген редакция
23.12.2020 145966_505012.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GA004718
ЭКБ идентификаторы
145966
Редакция идентификаторы
145966_505012
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:09

0 «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы
№25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 165 қаулысына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3626 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7-тармағының:
1) тармақшасы 1.7. тармақшасымен толықтырылсын.
«1.7. Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50000 (елу мың) теңге көлемінде».
2) тармақшасы 2.4., 2.5., 2.6., тармақшалармен толықтырылсын.
«2.4. Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге көлемінде;
2.5. Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге көлемінде;
2.6. Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге көлемінде».
Қағида 5 тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген адамдарға – 50000 (елу мың) теңге».
11- тармағындағы бесінші абзац алынып тасталсын.
14 - тармағындағы екінші абзац алынып тасталсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы