Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 28 февраля 2018 года № 101 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 28 февраля 2018 года № 101 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу және «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 101 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 20.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2021 130248_535701.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19E0000023
- ЭКБ идентификаторы
- 130248
- Редакция идентификаторы
- 130248_535701
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:44
0 Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу және
«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 101 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №101 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4479 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 сәуірдегі «Шымкент келбеті» газетінде және 2018 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «20» наурыздағы
№245 қаулысымен бекітілді
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны
1.
«Шымкент құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
320
4
13
2.
«Стандарт Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
835
4
33
3.
«ЮНИКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
295
4
12
4.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
277
4
11
5.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
428
4
17
6.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
386
4
15
7.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
512
4
20
8.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
1397
4
56
9.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
452
4
18
10.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
373
4
15
11.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
124
3
4
12.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
572
4
23
13.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№6 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
509
4
20
14.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№12 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
461
4
18
15.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
519
4
21
16.
«Барыс-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
245
3
10
17.
«Karlskrona LC AB» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
213
3
8
Барлығы:
7918
314