Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 28 февраля 2018 года № 102 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, так

Қаулы · № 263 · қабылданған 28.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-102/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 28 февраля 2018 года № 102 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, так Күшін жойған Қаулы ·№ 263 ·28.03.2019
18.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 28 февраля 2018 года № 102 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, так

Күшін жойған Қаулы ·№ 263 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 28 февраля 2018 года № 102 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, так
Атауы (қаз.)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанғ
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
263
Қабылданған күні
28.03.2019
Көрсетілген редакция
18.08.2021 130264_535703.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19E0000024
ЭКБ идентификаторы
130264
Редакция идентификаторы
130264_535703
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:40

0

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 102 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағының 17-3) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

4

4. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №102 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4471 болып тіркелген, 2018 жылы 28 наурызда «Шымкент келбеті» газетінде және 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімде баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «28» наурыздағы
№263 қаулысымен бекітілді
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Шымкент құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
320
1
3
2.
«Стандарт Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
835
1
8
3.
«Шымкент сыра қайнату зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
518
1
5
4.
«ЮНИКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
295
1
3
5.
«Шымкентцемент» акционерлік қоғамы
297
1
3
6.
«Шымкентмай» акционерлік қоғамы
640
1
6
Барлығы:
2905
28

13 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «28» наурыздағы
№263 қаулысымен бекітілді
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Назар-Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
139
1
1
2.
«TAU-PRODUCT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
118
1
1
3.
«Шымкентцемент» акционерлік қоғамы
297
1
3
Барлығы:
554
5

14 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «28» наурыздағы
№263 қаулысымен бекітілді
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы
Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санының)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Шымкент сыра қайнату зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
518
1
5
2.
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Ана мен бала» оңалту орталығы
168
1
2
3.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мамандырылған бөбектер үйі»
160
1
2
Барлығы:
846
9

Қолданыстағы