О приостановлении действия приказа Министра иностранных дел Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 11-1-4/71 «Об утверждении Правил сбора и обработки дактилоскопической информации у граждан Республики Казахстан, претендующих на получение паспорта гражданина Республики Казахстан за границей, иностранцев и лиц без гражданства при получении виз Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приостановлении действия приказа Министра иностранных дел Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 11-1-4/71 «Об утверждении Правил сбора и обработки дактилоскопической информации у граждан Республики Казахстан, претендующих на получение паспорта гражданина Республики Казахстан за границей, иностранцев и лиц без гражданства при получении виз Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/481
- Қабылданған күні
- 04.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2021 159994_544364.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025039
- ЭКБ идентификаторы
- 159994
- Редакция идентификаторы
- 159994_544364
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:07
0
«Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабының 1-тармағына және «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 39-бабының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16650 болып тіркелген) қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті