О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 28 мая 2018 года № 119 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в городе Актау и в Бейнеуском районе Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 28 мая 2018 года № 119 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима в городе Актау и в Бейнеуском районе Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 119 «Маңғыстау облысының Ақтау қаласында және Бейнеу ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 26.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2021 153178_511000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21M0004461
- ЭКБ идентификаторы
- 153178
- Редакция идентификаторы
- 153178_511000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:25
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 119 «Маңғыстау облысының Ақтау қаласында және Бейнеу ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 119 «Маңғыстау облысының Ақтау қаласында және Бейнеу ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3646 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан «Мұнайшы» спорт кешенінің аумағындағы автомобиль жолының бойында - 0,259 га, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы Байбоз көшесі бойында – 0,001 га арамшөп – у кекіремен, Бейнеу ауылының Ерқосай көшесі бойында - 0,33 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,08 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,034 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,034 га, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласында - 0,014 га арамшөп – арамсояумен залалданған карантиндік объектілердің анықталуына байланысты, көрсетілген аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.».
2 2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырыуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Ниязовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту: аббревиатураның ажыратылып жазылуы:
га – гектар.