Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 1316 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в патентные поверенные, регистрации в реестре патентных поверенных и внесения в него изменений»

Бұйрық · № 549 · қабылданған 30.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-1316-ekb-156762/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 1316 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в патентные поверенные, регистрации в реестре патентных поверенных и внесения в него изменений» Қолданыста Бұйрық ·№ 549 ·30.06.2021
30.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 1316 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в патентные поверенные, регистрации в реестре патентных поверенных и внесения в него изменений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 549 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 1316 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в патентные поверенные, регистрации в реестре патентных поверенных и внесения в него изменений»
Атауы (қаз.)
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
549
Қабылданған күні
30.06.2021
Көрсетілген редакция
30.06.2021 156762_530854.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023324
ЭКБ идентификаторы
156762
Редакция идентификаторы
156762_530854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:44

0 «Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу

және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17322 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе туралы ақпарат жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тиiстi түрде ресiмделмеген немесе  құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі бір жұмыс күн құрайды, егер хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімнің көрсетілетін қызметті берушімен қабылдау мерзімі бір жұмыс күн.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
Аттестаттауға рұқсат беруден бас тарту сот тәртібінде шағымдалады.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кандидат жеке басын куәландыратын не «цифрлық құжат» жүйесі арқылы құжат ұсынған кезде бір жұмыс күні ішінде емтихан тапсырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн жүгiнген болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiнiң нәтижесiн алу, келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызмет алушы осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тексеру нәтижесi бойынша, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн рәсiмдейдi және құрылымдық бөлiмшенiң басшысына бір жұмыс күні ішінде келiсуге жiбередi.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшенің қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) атына беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның мекенжайына келiп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.»;
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларының 4-қосымшасында:
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электронды (толық автоматтандырылған)/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген
5
Мемлекеттік қызметі көрсету нәтижесі
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім не осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны: электронды (толық автоматтандырылған)/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген.
»;
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларының 7-қосымшасында:
«Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электронды (толық автоматтандырылған)/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген
5
Мемлекеттік қызметі көрсету нәтижесі
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны: электронды (толық автоматтандырылған)/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген.
»;
«Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Көрсетiлетiн қызметтi алушы Қосымшаның 8-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі бір жұмыс күн құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмесе, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы