Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 1463 «Об утверждении Правил учета гарантированной государством юридической помощи в виде правового консультирования, оказанной адвокатом»

Бұйрық · № 732 · қабылданған 31.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-1463/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 1463 «Об утверждении Правил учета гарантированной государством юридической помощи в виде правового консультирования, оказанной адвокатом» Қолданыста Бұйрық ·№ 732 ·31.08.2022
31.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 1463 «Об утверждении Правил учета гарантированной государством юридической помощи в виде правового консультирования, оказанной адвокатом»

Қолданыста Бұйрық ·№ 732 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 1463 «Об утверждении Правил учета гарантированной государством юридической помощи в виде правового консультирования, оказанной адвокатом»
Атауы (қаз.)
«Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
732
Қабылданған күні
31.08.2022
Көрсетілген редакция
31.08.2022 171178_591785.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029343
ЭКБ идентификаторы
171178
Редакция идентификаторы
171178_591785
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:21

0 «Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1463 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17527 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы»;
аталған бұйрықтың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидалары бекітілсін.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 732 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1463 бұйрығымен
Бекітілген
Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағида адвокат және заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық консультация беру түріндегі адвокат және заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін айқындайды.

2 2 тарау. Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібі

2 2. Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуға Заңның 26-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға көрсетілген құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі жатады.

3

3. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды адвокат осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімінде (бұдан әрі-тізілім) қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық жеткізгіште жүргізеді.

4

4. Заң консультанты көрсеткен, құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды заң консультанты осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімінде қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық жеткізгіште жүргізеді.

5 5. Мәліметтер тұлғаның мемлекет кепілдік берген құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегіне жүгінген күні тізілімге енгізілуге жатады.

6 6. Адвокаттық құпиямен немесе заң консультантының құпиясымен қорғалатын құпия ақпаратты қоспағанда, электрондық тізілімде қамтылған мәліметтерді адвокат немесе заң консультанты заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізеді.

1 1-қосымша

Адвокат немесе заң консультанты
көрсеткен құқықтық консультация
беру түріндегі мемлекет кепілдік
берген заң көмегін есепке алу
Қағидасына
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімі
адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру
______________________________________________________________________
(адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық
кеңселер)
______________________________________________________________________
(адвокаттың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))
№ п/п
құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру тү­рін­де мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген заң кө­ме­гіне жү­гін­ген тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), же­ке ку­ә­лі­гін рас­тай­тын құ­жат және жү­гін­ген кү­ні
құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру тү­рін­де мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген заң кө­ме­гін көр­се­ту үшін негіз бо­лып та­бы­ла­тын құ­жат­тың ата­уы мен де­ректе­ме­ле­рі
құқық­тық мә­се­ле­нің мәні
құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру тү­рін­де­гі мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген заң кө­ме­гі­нің ны­са­ны (ауыз­ша неме­се жа­з­ба­ша кон­суль­та­ция бе­ру, өті­ніш­ті, ша­ғым­ды, өті­ні­ш­хат­ты және құқық­тық си­патта­ғы бас­қа да құ­жат­тар­ды жа­сау)
құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру тү­рін­де мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген заң кө­ме­гін көр­се­ту­ге бай­ла­ны­сты ад­во­кат­тың жұ­мыспен қам­ты­лу уа­қы­ты­ның ұз­ақ­тығы
ад­во­кат­тың элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
же­ке тұл­ға­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
2
3
4
5
6
7
8

2 2-қосымша

Адвокат немесе заң консультанты
көрсеткен құқықтық консультация
беру түріндегі мемлекет кепілдік
берген заң көмегін есепке
алу Қағидасына
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімі
заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру
______________________________________________________________________
(заң консультациясы палатасының атауы)
______________________________________________________________________
(заң консультантының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))
№ п/п
құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру тү­рін­де мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген заң кө­ме­гіне жү­гін­ген тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), же­ке ку­ә­лі­гін рас­тай­тын құ­жат және жү­гін­ген кү­ні
құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру тү­рін­де мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген заң кө­ме­гін көр­се­ту үшін негіз бо­лып та­бы­ла­тын құ­жат­тың ата­уы мен де­ректе­ме­ле­рі
құқық­тық мә­се­ле­нің мәні
құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру тү­рін­де­гі мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген заң кө­ме­гі­нің ны­са­ны (ауыз­ша неме­се жа­з­ба­ша кон­суль­та­ция бе­ру, өті­ніш­ті, ша­ғым­ды, өті­ні­ш­хат­ты және құқық­тық си­патта­ғы бас­қа да құ­жат­тар­ды жа­сау)
құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру тү­рін­де мем­ле­кет ке­піл­дік бер­ген заң кө­ме­гін көр­се­ту­ге бай­ла­ны­сты заң кон­суль­тан­ты­ның жұ­мыспен қам­ты­лу уа­қы­ты­ның ұз­ақ­тығы
заң кон­суль­тан­ты­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
же­ке тұл­ға­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы