Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 151 «Об утверждении Правил создания, размещения и эксплуатации морских объектов, используемых при проведении разведки и (или) добычи углеводородов на море и внутренних водоемах»

Бұйрық · № 100 · қабылданған 17.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-151-ekb-140433/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 151 «Об утверждении Правил создания, размещения и эксплуатации морских объектов, используемых при проведении разведки и (или) добычи углеводородов на море и внутренних водоемах» Қолданыста Бұйрық ·№ 100 ·17.03.2020
17.03.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 151 «Об утверждении Правил создания, размещения и эксплуатации морских объектов, используемых при проведении разведки и (или) добычи углеводородов на море и внутренних водоемах»

Қолданыста Бұйрық ·№ 100 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 151 «Об утверждении Правил создания, размещения и эксплуатации морских объектов, используемых при проведении разведки и (или) добычи углеводородов на море и внутренних водоемах»
Атауы (қаз.)
«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
100
Қабылданған күні
17.03.2020
Көрсетілген редакция
17.03.2020 140433_451892.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020145
ЭКБ идентификаторы
140433
Редакция идентификаторы
140433_451892
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:37

0

«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 157-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
« 1. Осы Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар сондай-ақ Кодекстің 154-бабының 13-тармағына сәйкес сақтық аймағында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға да қолданылады.»;
2-тарауда:
1-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу
3. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат (бұдан әрі –рұқсат) алу үшін көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысанын жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құжаттарды қарау және рұқсат берудің жалпы мерзімі он үш жұмыс күнін құрайды.
4. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісін көрсетілген географиялық координаттар ауданында құру және орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келісетін, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға сұрау салуды дайындайды.
6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде өтініштің Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде мынадай негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді:
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;
4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.
7. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
8. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

1 «Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы ______ № _____
бұйрығына
1-қосымша
Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу кезінде
пайдаланылатын теңіз объектілерін
теңізде және ішкі су айдындарында
құру, орналастыру және пайдалану
қағидаларына
4-қосымша
«Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Мем­ле­кет­тік www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну
мер­зі­мі
13 жұ­мыс кү­ні.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық бол­мау фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші екі жұ­мыс кү­ні ішін­де өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ре­ді.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Те­ңіз объ­ек­ті­ле­рін құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі­нің ны­са­ны: элек­трон­дық.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру шар­ты – «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» сақ­та­ла­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі ас­қа үзіл­іспен 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі, жұ­мыс кү­ні аяқ­тал­ған соң жү­гін­се, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Пор­тал­ға:
1) те­ңіз объ­ек­ті­ле­рін құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат алу үшін өті­ніш;
2) те­ңіз объ­ек­ті­ле­рін құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат алу үшін мә­лі­мет­тер ны­са­ны.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) өті­ніш бе­ру­ші рұқ­сат­ты алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­са;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) рұқ­сат­ты бе­ру үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы 27 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ко­дек­сіне және Кө­мір­су­тек­тер­ді бар­ла­уды және (неме­се) өн­ді­ру­ді жүр­гі­зу ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын те­ңіз объ­ек­ті­ле­рін те­ң­із­де және іш­кі су ай­дын­да­рын­да құ­ру, ор­на­ла­сты­ру және пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры­на бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­се;
3) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы бол­са;
4) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са;
5) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бол­са, оның негі­зін­де өті­ніш бе­ру­ші мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­рыл­са.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
www.​energo.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де;
пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, оның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар;
4) пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді;
5) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​energo.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

2 Өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан/рұқ­сат бе­ру­ден дәлел­ді бас тар­ту

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы ______ № _____
бұйрығына
2-қосымша
Көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде
пайдаланылатын теңіз объектілерін
теңізде және ішкі су айдындарында
құру, орналастыру және пайдалану
қағидаларына
5-қосымша
[МО ата­уы (мем­ле­кет­тік тіл­де)]
МО рек­ви­зит­те­рі мем­ле­кет­тік тіл­де
[МО ата­уы (орыс ті­лін­де)]
МО рек­ви­зит­те­рі орыс ті­лін­де
Өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан/рұқ­сат бе­ру­ден
дәлел­ді бас тар­ту
Нө­мі­рі: [РҚ нө­мі­рі]
Бе­рі­л­ген кү­ні: [РҚ бе­рі­л­ген кү­ні]
[Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы]
[МО ата­уы], Сіз­дің [Өті­ніш бер­ген күн] № [Өті­ніш нө­мі­рі], өті­ні­ші­ң­із­ді қа­рап, _________________________________________________ ха­бар­лай­ды.
[Бас тар­ту се­бе­бі].
[Уәкі­лет­ті ор­ган­ның жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы]
[Қол қо­ю­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)]

Қолданыстағы