Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 151 «Об утверждении Правил создания, размещения и эксплуатации морских объектов, используемых при проведении разведки и (или) добычи углеводородов на море и внутренних водоемах»

Бұйрық · № 209 · қабылданған 06.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-151-ekb-182622/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 151 «Об утверждении Правил создания, размещения и эксплуатации морских объектов, используемых при проведении разведки и (или) добычи углеводородов на море и внутренних водоемах» Қолданыста Бұйрық ·№ 209 ·06.06.2023
06.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 151 «Об утверждении Правил создания, размещения и эксплуатации морских объектов, используемых при проведении разведки и (или) добычи углеводородов на море и внутренних водоемах»

Қолданыста Бұйрық ·№ 209 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 151 «Об утверждении Правил создания, размещения и эксплуатации морских объектов, используемых при проведении разведки и (или) добычи углеводородов на море и внутренних водоемах»
Атауы (қаз.)
«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
209
Қабылданған күні
06.06.2023
Көрсетілген редакция
06.06.2023 182622_637688.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032714
ЭКБ идентификаторы
182622
Редакция идентификаторы
182622_637688
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:31

0

«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құжаттарды қарауының және рұқсат беруінің жалпы мерзімі он үш жұмыс күнін құрайды.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Өтініш беруші теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.
Өтініш келіп түскен күні көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді.
Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» көрсетілетін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді уәкілетті орган «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде су қорын пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға портал және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сұрау салуды дайындайды және жібереді, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісінің көрсетілген географиялық координаттарын құру мен ауданда орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келіседі.
Келісуші уәкілетті органдар белгіленген мерзімде жауаптар ұсынбаған жағдайда сұрау салу ескертусіз келісілген болып есептеледі.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына өтініштің сәйкес келуін қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді немесе өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және жібереді.
Бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін салуға және орналастыруға рұқсат беруден уәжді бас тарту ұсыну арқылы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай редакциядағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.»;
18-тармақ алып тасталсын;
20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға бастапқы қабылдауды тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында құру аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 35-тармағын ескере отырып жүзеге асырады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторының белгілі бір учаскесі (келісімшарттық аумағы) шегінде монтаждау аяқталғаннан кейін жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға беруді жер қойнауын пайдаланушы құрған комиссия жүзбелі жабдықтың меншік иесінің (жалға алушының) (жүзбелі бұрғылау қондырғысының кеме иесінің) немесе ол уәкілеттік берген адамның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.»;
23, 28, 29, 30 және 32-тармақтар алып тасталсын;
37-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«37. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдыққа (жүзбелі бұрғылау қондырғыға) тапсырыс беруші «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне террористік көріністерге ден қою функциясын іске асыруға көмек көрсетеді.»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5 және 6-қосымшалар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

1 «Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
1-қосымша
Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу кезінде
пайдаланылатын теңіз объектілерін
теңізде және ішкі су айдындарында
құру, орналастыру және пайдалану
қағидаларына 1-қосымша
«Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы – «Те­ң­із­де­гі объ­ек­ті­лер­ді құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат бе­ру»
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру www.​egov.​kz, www.​elicense. kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну мер­зі­мі
13 жұ­мыс кү­ні.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық бо­луын тек­се­ре­ді. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық бол­мау фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші екі жұ­мыс кү­ні ішін­де өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан уәжді бас тар­ту­ды бе­ре­ді.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Те­ң­із­де­гі объ­ек­ті­лер­ді құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гін
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші –Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі ас­қа үзіл­іспен 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі, жұ­мыс кү­ні аяқ­тал­ған соң жү­гін­се, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді).
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сін
Пор­тал­ға:
1) «Те­ң­із­де­гі объ­ек­ті­лер­ді құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сіне (бұ­дан әрі – мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет тіз­бе­сі)1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша те­ң­із­де­гі объ­ек­ті­лер­ді құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат алу үшін өті­ніш;
2) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет тіз­бе­сіне 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша те­ң­із­де­гі объ­ек­ті­лер­ді құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат алу үшін мә­лі­мет­тер ны­са­ны
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) өті­ніш бе­ру­ші рұқ­сат­ты алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­са;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) рұқ­сат­ты бе­ру үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ко­дек­сіне және Кө­мір­су­тек­тер­ді бар­ла­уды және (неме­се) өн­ді­ру­ді жүр­гі­зу ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын те­ңіз объ­ек­ті­ле­рін те­ң­із­де және іш­кі су ай­дын­да­рын­да құ­ру, ор­на­ла­сты­ру және пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры­на бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­се;
3) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы бол­са;
4) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са;
5) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бол­са, оның негі­зін­де өті­ніш бе­ру­ші мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­рыл­са.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі­нің www. energo. gov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де;
пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, оның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар;
4) пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді;
5) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www. gov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

2 Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш

«Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
1-қосымша
Нысан
Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш
(қайда)_______________________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
(кімнен)______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық
атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон,
факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________________________
(теңіз объектісінің атауы (маркасы)
_____________________________________________________________________________________
(теңiз объектісін құру және орналастыру бойынша теңізде және ішкі су айдындарында
көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргіз қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)
_____________________________________________________________________________________
(жоспарланған теңіз объектісін не осындай теңіз объектісін құру және орналастыру жөніндегі
жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері)
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
(қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін
Басшы _______________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Электрондық-цифрлық қолтаңба 20___ жылғы «___» __________

3 Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға мәліметтер нысаны

«Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне
2-қосымша
Нысан
Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға мәліметтер нысаны

1 1. Теңіздегі объект атауы (маркасы)__________________________________________________________.

2 2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және күні

________________________________________________________________________________________.

3 3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге арналған жобалық құжаттың атауы мен бекіту күні

________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________

4 4. Теңіздегі объектіні құру мақсаты, мәні мен негіздемесі

________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________

5 5. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіздегі объектінің географиялық координаттарының негіздемесі (ендігі, ұзақтығы, өлшемдер және т. б.):

1 1) ______________________________________________________________________________________;

2 2) ______________________________________________________________________________________.

6 6. Теңіздегі объектіні құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзбелі құралдар туралы ақпарат:

1 1) кеме және өзге де жүзбелі құралдар саны _________________________________________________;

2 2) кеме және өзге де жүзбелі құралдардың атауы _____________________________________________.

7 7. Теңіздегі объектіні құруды бастау және аяқтау күні __________________________________________.

8 8. Теңіздегі объектіні пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары

(радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________.

9 9. Теңiздегі объектіні құру және орналастыру кезіндегі жоспарланатын іс-шаралар:

1 1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту жөнінде

________________________________________________________________________________________;

2 2) теңіздегі объектіде авариялық жағдайларды болдырмау және жою жөнінде

_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________;

3 3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ балықтар және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде

_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________.

10 10. Теңіздегі объектіні болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі

_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________.

2 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу кезінде
пайдаланылатын теңіз объектілерін
теңізде және ішкі су айдындарында
құру, орналастыру және пайдалану
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО деректемелері мемлекеттік тілде
[МО атауы (орыс тілінде)]
МО деректемелері орыс тілінде
Өтінішті одан әрі қараудан/рұқсат беруден уәжді бас тарту
Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]
[Өтініш берушінің атауы]
[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарап,
______________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі].
[Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]
[тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)]

3 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
3-қосымша
Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде және ішкі
су айдындарында құру,
орналастыру және пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО деректемелері мемлекеттік тілде
[МО атауы (орыс тілінде)]
МО деректемелері орыс тілінде
Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға
рұқсат
Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]
Беру орны:
Берілген:_________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН)
_____________________________________________________________________________
(теңіз объектілері аумағының географиялық координаттары)
_____________________________________________________________________________
(теңіз объектісінің атауы (маркасы))
_____________________________________________________________________________
(теңіз объектілерін құру мерзімдері)
_____________________________________________________________________________
(теңіз объектілерін орналастыру шарттары)
Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:
[Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]
[тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]

4 Хабарлама

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
4-қосымша
Көмірсутектерді барлауды және
(немесе) өндіруді жүргізу кезінде
пайдаланылатын теңіз объектілерін
теңізде және ішкі су айдындарында
құру, орналастыру және пайдалану
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Хабарлама
Берілді________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Осы хабарламамен __________________________________________________________________МО
(уәкілетті органның толық атауы)
Сіздің [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, көмірсутектер саласындағы уәкілетті
орган «Теңіз объектілерін құру және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету
нәтижесі бойынша алдын ала шешімге_____________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
ұстанымын ____________________________________________________________________________
(тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)
білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган басшысы ________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
(уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ), лауазымы)
Хабарлама жолданған күні және уақыты:
20__ жылғы «___» ______ «__» сағат «__» мин

Қолданыстағы