Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 154 «Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата»

Бұйрық · № 256 · қабылданған 17.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-154-ekb-144978/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 154 «Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата» Қолданыста Бұйрық ·№ 256 ·17.07.2020
17.07.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 154 «Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата»

Қолданыста Бұйрық ·№ 256 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 154 «Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата»
Атауы (қаз.)
«Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
256
Қабылданған күні
17.07.2020
Көрсетілген редакция
17.07.2020 144978_475682.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020999
ЭКБ идентификаторы
144978
Редакция идентификаторы
144978_475682
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:29

0 «Шикі мұнайды және газ конденсатын

есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру
және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16960 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шикі мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – Субъектілер) аудит өткізіп, интеграциялауға дайындығын бағалау үшін Жүйе операторына өздерінде бар Кодекстің 144-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған айналымдағы шикi мұнайдың және газ конденсатының саны туралы деректерді есепке алу жүйелеріне (бұдан әрі – Субъектілердің жүйелері) қолжетімділік береді.
Жүйе операторын Кодекстің 144-бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайды.
Жүйені қалыптастыру кезінде Субъектілермен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде алынған «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің деректері пайдаланылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы