О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 154 «Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 154 «Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата»
- Атауы (қаз.)
- «Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 343
- Қабылданған күні
- 02.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2022 173554_599499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030469
- ЭКБ идентификаторы
- 173554
- Редакция идентификаторы
- 173554_599499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:13
0 «Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16960 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
1 Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 2 қарашадағы
№ 343 бұйрығына
қосымша
Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – Жүйе) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі тәртібін айқындайды.
2
2. Кодекстің 144-бабының 1-тармағына сәйкес Жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға жеткізуге дайындалған шикі мұнай мен газ конденсатының айналымдағы мөлшері туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға өңдеуге және жеткізуге дайындалған, сондай-ақ өз мұқтаждарына пайдаланылатын, қабат қысымын сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабатқа айдау арқылы кәдеге жаратуға жататын, Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын шикі газдың айналымдағы мөлшері туралы деректерді автоматтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға арналады.
3 3. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдардың Кодексте айқындалған мәндері болады.
2 2-тарау. Жүйені қалыптастыру қағидалары
4
4. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – Субъектілер) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға жеткізуге дайындалған шикі мұнай мен газ конденсатының айналымдағы мөлшері туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға өңдеуге және жеткізуге дайындалған, сондай-ақ өз мұқтаждарына пайдаланылатын, қабат қысымын сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабатқа айдау арқылы кәдеге жаратуға жататын, Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын шикі газдың айналымдағы мөлшері туралы деректерді есепке алудың өздерінде бар жүйелеріне қолжетімділік береді.
Жүйені қалыптастыру кезінде субъектілермен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде шикі мұнай және газ конденсаты, шикі газ және оны қайта өңдеу өнімдері (тауарлық газ) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерде орнатылған есепке алу аспаптарынан алынған деректер пайдаланылады.
5 5. Жүйені қалыптастыру және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін уәкілетті орган құрамына уәкілетті органның өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кіретін жұмыс тобын құрады.
6 6. Жұмыс тобы дербес не консультанттар және (немесе) сарапшылар ретінде өзге де ұйымдарды тарта отырып:
1 1) Субъектілердің бар жүйелеріне талдау жүргізу графигін әзірлейді;
2 2) Субъектілердің бар жүйелеріне талдау жүргізеді;
3 3) Субъектілердің жүйелерін интеграциялау және Жүйені қалыптастыру алгоритмдерін әзірлейді;
4 4) әрбір субъект үшін Жүйеге интеграциялау мақсаттары үшін жүйелерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
5 5) Субъектілердің жүйелерін Жүйеге интеграциялау графигін әзірлейді;
6 6) жүйелері тәжірибелік пайдалану сатысында Жүйеге интеграцияланатын субъектілердің тізбесін айқындайды.
7 7. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін жұмыс тобы мынадай іс-шараларды:
1 1) Жүйе мен Субъектілердің интеграцияланған жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын сынау;
2 2) тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне талдау жүргізу, қажет болған кезде – ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде әзірленген сервистерді пысықтау;
3 3) қосылатын сервиске ақпараттық сұраныстардың қарқындылығын бағалау, жүктемелік тестілеу;
4 4) Жүйеге алдын ала сынақтар жүргізеді.
8 8. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға беру «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
9 9. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін уәкілетті орган тәжірибелік пайдалану сатысында интеграцияланбаған Субъектілер жүйелерін интеграциялауды жүзеге асырады.
10 10. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін Субъектілер өз жүйелерінің Жүйемен ақпараттық өзара іс-қимылының жұмыс істеу шарттарының өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді.
3 3-тарау. Жүйенің жұмыс істеуі қағидалары
11 11. Жүйеге жаңа ақпаратты енгізу Жүйенің деректер базасында жаңа ақпараттық жазбаларды құру арқылы жүзеге асырылады.
12
12. Ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға жеткізуге дайындалған шикі мұнай мен газ конденсатының айналымдағы мөлшері туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға өңдеуге және жеткізуге дайындалған, сондай-ақ өз мұқтаждарына пайдаланылатын, қабат қысымын сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабатқа айдау арқылы кәдеге жаратуға жататын, Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын шикі газдың айналымдағы мөлшері туралы деректер Жүйеге беруге жатады.