О внесений изменении в решение маслихата района Бәйтерек от 28 марта 2018 года № 20-8 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата района Бәйтерек»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменении в решение маслихата района Бәйтерек от 28 марта 2018 года № 20-8 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата района Бәйтерек»
- Атауы (қаз.)
- «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Бәйтерек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 20-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-7
- Қабылданған күні
- 27.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2024 186720_704556.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23ZG00087M
- ЭКБ идентификаторы
- 186720
- Редакция идентификаторы
- 186720_704556
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:38
0 «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Бәйтерек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 20-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Бәйтерек ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 20-8 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
2-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4
«4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
6
«6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
12 «12. Бас маман (кадр қызметі) бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.
Осы Әдістеменің 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерді таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша»;
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша»;
5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
5-қосымша»;
6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
6-қосымша»;
7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
7-қосымша»;
8-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәйтерек ауданы
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
8-қосымша».