Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 мая 2018 года № 214 «Об утверждении Положения о центральной комиссии по разведке и разработке месторождений углеводородов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 113 · қабылданған 29.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-214/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 мая 2018 года № 214 «Об утверждении Положения о центральной комиссии по разведке и разработке месторождений углеводородов Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 113 ·29.03.2022
29.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 мая 2018 года № 214 «Об утверждении Положения о центральной комиссии по разведке и разработке месторождений углеводородов Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 113 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 мая 2018 года № 214 «Об утверждении Положения о центральной комиссии по разведке и разработке месторождений углеводородов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
113
Қабылданған күні
29.03.2022
Көрсетілген редакция
29.03.2022 165757_566667.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027302
ЭКБ идентификаторы
165757
Редакция идентификаторы
165757_566667
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:52

0 «Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы

28 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 140-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде:

1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1. Осы Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 140-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі – Орталық комиссия) қызметін ұйымдастыру тәртібін, оның құрамын, жұмыс регламентін және іс қағаздарын жүргізуді айқындайды.»;

8 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8 «8. Жер қойнауын пайдаланушы Орталық комиссияға Жобаны, Жобаға аннотацияны, сондай-ақ осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сараптама жүргізуге өтінішін жібереді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген материалдар электрондық жеткізгіште (DOCX және PDF форматтарында) бір данада жіберіледі.»;

11 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

11 «11. Орталық комиссия Жобаның мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыру үшін геология және әзірлеу саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тартады.

Тәуелсіз сарапшыларды тарту Кодекстің 140-бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Орталық комиссияның қызметін ұйымдастыру көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 7 наурыздан бастап туындайтын құқық қатынастарына қолданылады.

Қолданыстағы