О внесении изменении в решение Кентауского городского маслихата от 28 ноября 2018 года № 219 «О социальной помощи работникам государственных организаций в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в решение Кентауского городского маслихата от 28 ноября 2018 года № 219 «О социальной помощи работникам государственных организаций в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы «Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 219 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 12.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2019 137137_432427.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UC005303
- ЭКБ идентификаторы
- 137137
- Редакция идентификаторы
- 137137_432427
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:20
0 Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы «Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 219 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы №219 «Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы» (Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 11 желтоқсанда №4832 болып тiркелген, 2018 жылғы 15 желтоқсанда № 52/8130 «Кентау шұғыласы» газетінде және 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
1
«1. Кентау қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек жылына бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.»