О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 «Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 586
- Қабылданған күні
- 09.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2024 147756_704902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CA007553
- ЭКБ идентификаторы
- 147756
- Редакция идентификаторы
- 147756_704902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:23
0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 «Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 «Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы», (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-181 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы Ақтөбе қаласында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.».