Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе»

Өзге акт · № 32 · қабылданған 20.06.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-298-ekb-183302/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 32 ·20.06.2023
30.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 32 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 «Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32
Қабылданған күні
20.06.2023
Көрсетілген редакция
30.05.2024 183302_704906.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23CA008369
ЭКБ идентификаторы
183302
Редакция идентификаторы
183302_704906
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:19

0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298

«Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-181 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған, Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде:
1-тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығындағы Ақтөбе қаласында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
7-тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы