О внесений изменения в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменения в решение маслихата города Актобе от 28 февраля 2018 года № 298 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) города Актобе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 «Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 14.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2024 191050_704900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23CA008477
- ЭКБ идентификаторы
- 191050
- Редакция идентификаторы
- 191050_704900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:53
0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298
«Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-181 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған, Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінде:
10-тармақтың 9)-тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 33200 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес белгіленеді.».