Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 33/НҚ «Об утверждении Правил проведения мониторинга выполнения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности»

Бұйрық · № 200/НҚ · қабылданған 19.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-33-ekb-134320/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 33/НҚ «Об утверждении Правил проведения мониторинга выполнения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 200/НҚ ·19.08.2019
19.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 33/НҚ «Об утверждении Правил проведения мониторинга выполнения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 200/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 33/НҚ «Об утверждении Правил проведения мониторинга выполнения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
200/НҚ
Қабылданған күні
19.08.2019
Көрсетілген редакция
19.08.2019 134320_419277.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019294
ЭКБ идентификаторы
134320
Редакция идентификаторы
134320_419277
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:46

0 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы

№ 33/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуы туралы есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16756 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
7-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті орган Заңның 7-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сұрататын ақпарат;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) «электрондық үкіметтің» сәулет порталында орналастырылған ақпарат.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 35, 36-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуы туралы есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Осы түсіндірме есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме, әкімшілік деректерді жинауға арналған, оны толтыру тәртібін нақтылайды (бұдан әрі – есеп нысаны)
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуы туралы (бұдан әрі – БТ) есеп нысанының негізгі міндеті ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы БТ орындау барысы туралы ақпаратты жинау, жинақтау және талдау болып табылады.
3. Толтырылған есеп нысаны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:
1) есеп мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына қазақ және орыс тілдерінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы;
2) мемлекеттік заңды тұлғалармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелерімен және иеленушілерімен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелерімен және иеленушілерімен ерікті негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, қағаз түрінде ұсынылады.
4. Есеп нысаны қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
5. Есеп нысанына бірінші басшы, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
6. Есеп нысаны мынадай түрде толтырылады:
3-бағанда «Орындалды» белгісі «+» белгісімен көрсетіледі;
4-бағанда «Орындалған жоқ» белгісі «–» белгісімен көрсетіледі;
5-бағанда «Орындалмау себебі» БТ тармақтарының талаптары орындалмағаны туралы толық ақпарат көрсетіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
_____________ К. Мәсімов
2019 жылғы «__» ____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
____________ Н. Айдапкелов
2019 жылғы «__» ____________

Қолданыстағы