Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 августа 2018 года № 360 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата города Актобе»

Өзге акт · № 175 · қабылданған 06.06.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-360/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 августа 2018 года № 360 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата города Актобе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 175 ·06.06.2022
20.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 августа 2018 года № 360 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата города Актобе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 175 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 28 августа 2018 года № 360 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата города Актобе»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 360 «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
175
Қабылданған күні
06.06.2022
Көрсетілген редакция
20.06.2023 168749_639500.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22CA00175M
ЭКБ идентификаторы
168749
Редакция идентификаторы
168749_639500
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:34

0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 360

«Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 360 «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-205 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда – персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссияның құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.»;
41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр жұмысына жауапты қызметкермен және мәслихат аппаратының басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интернет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы