Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 377 «Об утверждении Правил формирования единого регистра организаций, предоставляющих специальные социальные услуги, и реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги»

Бұйрық · № 10 · қабылданған 14.01.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-377/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 377 «Об утверждении Правил формирования единого регистра организаций, предоставляющих специальные социальные услуги, и реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги» Күшін жойған Бұйрық ·№ 10 ·14.01.2022
01.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 377 «Об утверждении Правил формирования единого регистра организаций, предоставляющих специальные социальные услуги, и реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 10 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 377 «Об утверждении Правил формирования единого регистра организаций, предоставляющих специальные социальные услуги, и реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги»
Атауы (қаз.)
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
14.01.2022
Көрсетілген редакция
01.07.2023 163806_638975.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026516
ЭКБ идентификаторы
163806
Редакция идентификаторы
163806_638975
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:44

0 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бірыңғай тізілімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17469 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 10 бұйрығына
қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін (бұдан әрі – ұйымдар тіркелімі) және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін (бұдан әрі – мамандар тізілімі) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының осы заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісі болып табылады;

2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер (бұдан әрі – жеткізушілер) – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Ұйымдардың тіркелімі және мамандардың тізілімі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін әлеуметтік қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларына (бұдан әрі – Жіберу қағидалары) сәйкес жеткізушілер ұсынған деректердің негізінде электрондық түрде қалыптастырылады.
Ұйымдар тіркеліміне және мамандар тізіліміне енгізу Жіберу қағидаларына сәйкес жеткізушіні әлеуметтік қызметтер порталына жібергеннен және онда тіркелгенінен кейін бір жұмыс күні ішінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

2-тарау. Ұйымдардың тіркелімін қалыптастыру

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік қызметтер порталында қалыптастырылады.

5. Ұйымдар тіркелімі мынадай:

1) ұйымның атауы;

2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

3) ұйым бөлімшесінің типі;

4) ұйым бөлімшесінің түрі;

5) ұйым бөлімшесінің атауы;

6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекенжайы;

7) байланыс деректері (мобильді телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайт (бар болса));

8) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында, «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13543 болып тіркелген) бекітілген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14701 болып тіркелген) бекітілген Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары) көзделген көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;

9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету нысандары бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған орындардың саны туралы мәліметтерді қамтиды;

10) тіркелімге енгізілген күні;

11) тіркеуден алынған күні;

12) тіркеуден алу себебі.

6. Жеткізушінің келісімімен ұйымдардың тіркелімінде қамтылған мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.

3-тарау. Мамандар тізілімін қалыптастыру

7. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі әлеуметтік қызметтер порталында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

8. Мамандар тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) білімі, біліктілігі туралы (бар болса);

4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы;

5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында көзделген көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;

6) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мекенжайы;

7) байланыс деректері (мобильді телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайт (бар болса));

8) тізілімге енгізілген күні;

9) тіркеуден алынған күні;

10) тіркеуден алу себебі.

9. Жеткізушінің келісімімен мамандар тізілімінде қамтылған мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.

4-тарау. Жеткізушіні Тіркелімнен немесе Тізілімнен шығару тәртібі

10. Жеткізушіні Тіркелімнен немесе Тізілімнен шығару Жіберу қағидаларына сәйкес жеткізуші тіркеуден шығарылғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.

Жеткізушіні порталда тіркеуден шығару кезінде жеткізушілер тіркелімінде және (немесе) мамандар тізілімінде тіркеуден шығару күні мен себебі көрсетіледі.

1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі

Арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсынатын ұйымдардың бірыңғай
тіркелімін және арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсететін
мамандардың тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі

Ұй­ым­ның ата­уы
БСН
Ұй­ым бө­лім­ше­сі­нің тү­рі
Ұй­ым бө­лім­ше­сі­нің тү­рі
Ұй­ым бө­лім­ше­сі­нің ата­уы
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс де­ректе­рі (мо­биль­ді те­ле­фон, элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фо­ны, сайт (бар бол­са));
Көр­се­ті­ле­тін ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет түр­ле­рі
Орын са­ны
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Тір­ке­лім­ге ен­гі­зі­л­ген кү­ні
Тір­ке­уден алын­ған кү­ні
Тір­ке­уден алу се­бе­бі
11
12
13

2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі

Арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсынатын ұйымдардың бірыңғай
тіркелімін және арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсететін
мамандардың тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі

ЖСН
Ма­ман­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі ту­ра­лы (бар бол­са)
Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Көр­се­ті­ле­тін ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер­дің түр­ле­рі
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс де­ректе­рі (мо­биль­ді те­ле­фон, элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фо­ны, сайт (бар бол­са));
6
7
8
кестенің жалғасы
Ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген кү­ні
Тір­ке­уден алын­ған кү­ні
Тір­ке­уден алу се­бе­бі
9
10
11

Қолданыстағы