Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 28 июня 2018 года № 503-1230 «О некоторых вопросах тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях по городу Астане»

Қаулы · № 503-1573 · қабылданған 10.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-503-1230/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 28 июня 2018 года № 503-1230 «О некоторых вопросах тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях по городу Астане» Күшін жойған Қаулы ·№ 503-1573 ·10.09.2018
16.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 28 июня 2018 года № 503-1230 «О некоторых вопросах тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях по городу Астане»

Күшін жойған Қаулы ·№ 503-1573 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 28 июня 2018 года № 503-1230 «О некоторых вопросах тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях по городу Астане»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
503-1573
Қабылданған күні
10.09.2018
Көрсетілген редакция
16.07.2024 124657_711569.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ABW01188
ЭКБ идентификаторы
124657
Редакция идентификаторы
124657_711569
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:17

0 «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы»Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1181 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 шілдедегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыда:
1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары және 2-тармақ «электрондық жол жүру құжаты» деген сөздерден кейін «немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы