Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 508 «Об утверждении Правил признания результатов обучения, полученных взрослыми через неформальное образование, предоставляемое организациями, внесенными в перечень признанных организаций, предоставляющих неформальное образование»

Бұйрық · № 212 · қабылданған 17.07.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-508/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 508 «Об утверждении Правил признания результатов обучения, полученных взрослыми через неформальное образование, предоставляемое организациями, внесенными в перечень признанных организаций, предоставляющих неформальное образование» Күшін жойған Бұйрық ·№ 212 ·17.07.2023
24.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 508 «Об утверждении Правил признания результатов обучения, полученных взрослыми через неформальное образование, предоставляемое организациями, внесенными в перечень признанных организаций, предоставляющих неформальное образование»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 212 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 508 «Об утверждении Правил признания результатов обучения, полученных взрослыми через неформальное образование, предоставляемое организациями, внесенными в перечень признанных организаций, предоставляющих неформальное образование»
Атауы (қаз.)
«Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
212
Қабылданған күні
17.07.2023
Көрсетілген редакция
24.10.2023 184210_662312.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033137
ЭКБ идентификаторы
184210
Редакция идентификаторы
184210_662312
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:51

0 «Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17588 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібі»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бейресми білім беруді «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес оқыту орны, мерзімі және нысаны ескерілмей көрсетілетін және оқу нәтижелерін растайтын құжаттарды бере отырып, білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«4. Бейресми білім беру арқылы алынған оқу нәтижелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) тарапынан танылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«10. Бейресми білім беру арқылы алған оқу нәтижелерін тану үшін өтініш білдірген тұлға (бұдан әрі – Үміткер) Комиссия қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелері туралы еркін нысандағы өтініш;
жеке куәліктің көшірмесі;
оқу нәтижелерін растайтын құжат.».

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы