Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 52/НҚ «Об утверждении Правил проведения мониторинга обеспечения информационной безопасности объектов информатизации «электронного правительства» и критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры»

Бұйрық · № 355/НҚ · қабылданған 28.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-52-ekb-146902/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 52/НҚ «Об утверждении Правил проведения мониторинга обеспечения информационной безопасности объектов информатизации «электронного правительства» и критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры» Қолданыста Бұйрық ·№ 355/НҚ ·28.09.2020
28.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 52/НҚ «Об утверждении Правил проведения мониторинга обеспечения информационной безопасности объектов информатизации «электронного правительства» и критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры»

Қолданыста Бұйрық ·№ 355/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 52/НҚ «Об утверждении Правил проведения мониторинга обеспечения информационной безопасности объектов информатизации «электронного правительства» и критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
355/НҚ
Қабылданған күні
28.09.2020
Көрсетілген редакция
28.09.2020 146902_484240.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021335
ЭКБ идентификаторы
146902
Редакция идентификаторы
146902_484240
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:36

0

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17019 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларында:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және технологиялық іс-шаралар;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі;
12) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «электрондық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ЭҮ АО) – мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі, мемлекеттік органның интернет-ресурстары, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге тұлғалардың ақпараттандыру объектілері;»;
17) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. АКИАМО-ға жатқызылған ЭҮ АО АҚҚМ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы арасындағы АҚҰҮО міндеттері мен функцияларын іске асыратын шарттық қатынастар негізінде жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы