О внесении изменений и дополнений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 334/НҚ
- Қабылданған күні
- 14.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2020 146350_480769.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021211
- ЭКБ идентификаторы
- 146350
- Редакция идентификаторы
- 146350_480769
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:49
0
«Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарында (бұдан әрі – Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) (бұдан әрі – тізілім) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу бойынша өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық қауымдастықтардың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтының, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық өнеркәсіп саласындағы ұйымдар мен сарапшылардың өкілдерін тарта отырып, бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттар, сондай-ақ тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін және осы Қағидалардың талаптары негізінде тізілімге (нен) енгізу (алып тастау) туралы өтінімдерді қарау үшін уәкілетті орган құратын алқалы орган;
2) индустриялық сертификат – өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;
3) өтініш беруші – Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) немесе тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім берген электрондық өнеркәсіп немесе бағдарламалық қамтылым өнімін өндіретін жеке және/немесе заңды тұлға;
4) тізілім – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізбесі;
5) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
6) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) индустриялық сертификаттың көшірмесі (қызмет түрі – «Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу»);»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Құжаттар тізімдемесі қоса берілген қағаз тасығыштағы ұсынылған құжаттары бар өтінімдерді Комиссия келіп түсуіне қарай, бірақ айына екі реттен артық емес ретпен қарайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге (тізілімнен) енгізу (шығару) Комиссияның хаттамалық шешімі негізінде уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Тізілімге бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Бағдарламалық қамтылым/электрондық өнеркәсіп өнімнің Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілгені туралы куәлік» (бұдан әрі - Куәлік) қалыптастырылады, оған бағдарламалық қамтылымды (электрондық өнеркәсіп өнімін) тізілімге енгізу күніне уәкілетті органның басшысы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды және өтініш берушіге жіберіледі.
Куәлік бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімін) тізілімге енгізген күннен бастап жарамды болып саналады.
Тізілімнен бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімі алып тасталған жағдайда, уәкілетті органның басшысы бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімнен алып тастау туралы бұйрық қабылдаған күннен бастап Куәлік жарамсыз болып табылады.
Уәкілетті орган бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімнен алып тастау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу Комиссияның хаттамалық шешімі негізінде уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Өтініш беруші осы Қағидалардың 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 11-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың қолданылу мерзімі өткен күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім береді.
Бұл ретте, уәкілетті орган жылына кемінде 1 (бір) рет желтоқсан айында тізілімде қамтылған мәліметтердің өзектілігіне мониторинг жүргізеді.»;
18-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімін өндіруші Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілгенде;
6) уәкілетті орган өтініш берушінің дұрыс емес мәліметтерді және (немесе) дұрыс емес құжаттарды ұсыну фактілерін, сондай-ақ Қағидалардың 11 және 11-1-тармақтарында көзделген құжаттардың жарамдылығын жоғалту фактілерін өтініш берушінің бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімі) тізілімде болған кезеңде анықтаған жағдайда, Комиссияның хаттамалық шешімі негізінде жүзеге асырылады.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациядар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2020 жылғы 14 қыркүйегі № 334/НҚ
бұйрығына 1-қосымша
Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарына
1-қосымша
Нысан
Тізілімдік жазбаның реттік нөмірі
Тізілімдік жазбаны қалыптастыру күні
Бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің атауы
Өтініш беруші туралы ақпарат
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (СЭҚ ТН)
Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдернің коды (кодтары)
(ЭҚ ТӨЖ)
Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды
(ТЖҚ БНА)
Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін техникалық және функционалдық сипаттамалардың қысқаша сипаттамасы
Алдыңғы және (немесе) балама атаулар, бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің нұсқасы (бар болса)
Тізілімге енгізілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің шетелдік аналогтары (бар болса)
Өтініш берушінің ЖСН/БСН
Аты-жөні /Заңды тұлғаның атауы
Өтініш берушінің байланыс деректері
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
2 Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2020 жылғы 14 қыркүйегі № 334/НҚ
бұйрығына 2-қосымша
Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарына
2-қосымша
Нысан
___________________________________________________________________________________________
(уәкілеттік органның атауы)
___________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
____________________________________________________________________________________________
(бағдарламалық қамтылымның (электрондық өнеркәсіп өнімінің) толық атауы)
____________________________________________________________________________________________
қызмет түрі
_____________________________________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
________________________________________
БСН/ЖСН
______________________________________________________________________________________________
сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (СЭҚ ТН)
______________________________________________________________________________________________
экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (ЭҚ ТӨЖ)
_______________________________________________________________________________________________
тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес бағдарламалық
қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (ТЖҚ БНА)
_______________________________________________________________________________________________
бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін техникалық және функционалдық
сипаттамалардың қысқаша сипаттамасы
________________________________________________________________________________________________
алдыңғы және (немесе) балама атаулар, бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп
өнімінің нұсқасы (бар болса)
_________________________________________________________________________________________________
Тізілімге енгізілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің шетелдік аналогтары
(бар болса)
тіркелген заңды мекенжайы ________________________________________________________________________
байланыс тел. нөмірлері: _______________________________________
интернет-ресурсының мекенжайы: _______________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1)______________________________________
2) _____________________________________
(заңды тұлғалар үшін: қолданыстағы сенімхат негізінде заңды тұлғаның атауы және басшының немесе заңды
тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (сенімхаттың берілген күні және нөмірі))
_____________ _____________ 20 __ жылғы «____»_______.
(қолы)
М.П. (болған жағдайда)
3 Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2020 жылғы 14 қыркүйегі № 334/НҚ
бұйрығына 3-қосымша
Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарына
3-қосымша
Нысан
Осымен _____________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т. А.Ә. (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды тұлғаның
ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________________________________
(бағдарламалық қамтылымның/электрондық өнеркәсіп өнімнің толық атауы)
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің __________
№ ____ бұйрығына сәйкес Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің
тізіліміне енгізілгенін расталады.
Министр ________________ Т.А.Ә.
(қолы)
20 __ жылғы «____»_______.
Тізілім интернет-ресурстардың бірыңғай платформасында жарияланған