Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности»

Бұйрық · № 354/НҚ · қабылданған 29.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-53-ekb-172398/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности» Қолданыста Бұйрық ·№ 354/НҚ ·29.09.2022
29.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 354/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы «Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» № 53/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
354/НҚ
Қабылданған күні
29.09.2022
Көрсетілген редакция
29.09.2022 172398_597691.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029967
ЭКБ идентификаторы
172398
Редакция идентификаторы
172398_597691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:43

0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы «Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» № 53/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 354/НҚ Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 53/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) индустриялық сертификат – өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;

2 2) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрдегі) ақпарат;

3

3) өтініш беруші – бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіптің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) немесе тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім берген электрондық өнеркәсіп немесе бағдарламалық қамтылым өнімін өндіретін жеке және/немесе заңды тұлға;

4

4) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;

5 5) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

6 6) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3 3. Тізілім елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның өтініш берушісі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18949 болып тіркелді) сәйкес бастапқы бағдарламалық қамтылымды есепке алу және сақтау үшін беруді қамтамасыз етеді.
Тізілімге енгізу түрі және мақсаты бойынша жіктеледі.
Бағдарламалық өнім болып табылатын және дербес бағдарлама түрінде орындалған бағдарламалық қамтылым тізілімге енгізілуге жатады.
Бағдарламалық қамтылымның бөліктері болып табылатын бағдарламалық өнімдер олар бір бөлігі болып табылатын бағдарламалық қамтылым құрамында тізілімге енгізіледі.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында көзделген өтпелі ережелер шеңберінде құрылған сервистік бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер тізілімге енгізілуге жатады.

4 4. Тізілімде қамтылған мәліметтер мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.

2 2-тарау. Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

5 5. Мыналар тізілімді қалыптастыру және жүргізу деп түсініледі:

1 1) тізілімге бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімі туралы мәліметтер енгізу;

2 2) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер өзгерген (толықтырылған) кезде, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;

3 3) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тізілімді орналастыру.

6 6. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган тізілімге бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу және одан шығару, сондай-ақ тізілімдегі мәліметтерге өтініш берушілердің өтінімдері негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырады.

7 7. Тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

8 8. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін өндірушілерден тізілімге енгізу (алып тастау) немесе өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы берілген өтініштер (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

9 9. Өтінімдерді уәкілетті органға бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер ұсынады.

Әрбір бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімі бойынша осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жеке өтініш беріледі.

10 10. Бағдарламалық қамтылымның тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

1

1) Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымға айрықша құқық немесе Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымның айрықша мүліктік құқықтарын мынадай тұлғалардың біреуіне не бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/ларына немесе заңды тұлғасына тиесілі айрықша құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне пайдалану құқығы;

2

2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 «Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары. 3-бөлім. Қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» (бұдан әрі – ҚР СТ ISO/IEC 15408-3) сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес орындау немесе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган берген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына (бұдан әрі – Ақпараттық қауіпсіздік талаптары) сәйкестігіне сынау нәтижелері бойынша актінің (бұдан әрі – сынау актісі) болуы;

3 3) бағдарламалық қамтылымның елішілік құндылық үлесі кемінде 70%-ды құрайды.

11 11. Электрондық өнеркәсіптің тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

1 1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық немесе өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын келесі тұлғалардың (құқық иеленушілердің) біреуіне не бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/тұлғасына немесе заңды тұлғасына тиесілі бүкіл қолданылу мерзіміне беру;

2

2) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымның ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 стандартына сәйкес 4-інші қауіпсіздік деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі (ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін еместігі туралы қорытынды алу үшін кемінде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді) немесе сынау актісінің болуы;

3 3) электрондық өнеркәсіп өнімдеріндегі елішілік құндылық үлесі кемінде 20%-ды құрайды.

12 12. Бағдарламалық қамтылымды тізілімге енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымға қолданыстағы айрықша құқықты растайтын құжат немесе бағдарламалық қамтылымның айрықша мүліктік құқықтарын пайдалану құқығын растайтын құжат;

2 2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 (сертификаттау жүргізу сәтіндегі өзекті нұсқада) сәйкес бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесі немесе сынақ актісінің болуы.

13 13. Электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты немесе өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын беру туралы шартты растайтын құжат;

2

2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылым үшін (сертификаттау жүргізу сәтіндегі өзекті нұсқада) 4-інші сенім деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесі (ҚР СТ ISO сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда/ IEC 15408-3, өтініш беруші сертификаттаудың мүмкін еместігі туралы қорытынды беру үшін кем дегенде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді) немесе сынақ актісінің болуы.

14 14. Қағаз жеткізгіштердегі немесе құжаттар тізімдемесі қоса берілген электрондық түрдегі ұсынылған құжаттары бар өтінімдерді уәкілетті органның орындаушысы түсуіне қарай 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

Осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес бағдарламалық қамтылымды/электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттарға сәйкестікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларының 12 және 13-тармақтарына, сондай-ақ 8, 12, 13-тармақтарына сәйкес бағдарламалық қамтылымды/электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарды зерделеу арқылы белгілейді.
Бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес келмейтін өтініштерді уәкілетті орган қабылдамауы тиіс, бұл ретте өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, 6-қосымшаға сәйкес анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама электрондық поштаға жіберіледі.

15 15. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламада көрсетілген сәйкессіздіктер жойылған жағдайда қайта өтініш беруге құқылы.

Құжаттар толық болған жағдайда бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу құрылымдық бөлімше басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтылымды /электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы хабарламамен ресімделеді.

16

16. Өтініш беруші осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында, сондай-ақ 2 және 3-қосымшаларының 8, 12 және 13-тармақтарында көзделген құжаттардың қолданылу мерзімдері аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша cенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш береді.
Бұл ретте, уәкілетті орган жылына кемінде 1 (бір) рет желтоқсан айында тізілімде қамтылған мәліметтердің өзектілігіне мониторинг жүргізеді.

17

17. Уәкілетті орган сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш негізінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарламаны ресімдейді.
Бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің атауы өзгерген кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа атаумен cенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш жіберуі қажет.

18

18. Бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімнен алып тастау құрылымдық бөлімше басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен алып тастау туралы хабарламамен мынадай жағдайларда:

1 1) осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда;

2 2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тізілімнен бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін алып тастау туралы өтініш негізінде өтініш берушінің бастамасы бойынша ресімделеді.

19 19. Тізілім, сондай-ақ тізілімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялануға жатады.

1 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі

Сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
1-қосымша
Нысан
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі
Ті­зі­лім­дік жа­з­ба­ның рет­тік нө­мі­рі
Ті­зі­лім­дік жа­з­ба­ны қа­лып­та­сты­ру кү­ні
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ата­уы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ко­мис­сия Ке­ңе­сі­нің 2021 жы­л­ғы 14 қыр­күй­ек­те­гі № 80 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­на сәй­кес бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің ко­ды (код­та­ры) (бар бол­са)
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша өнім жік­те­уі­шіне сәй­кес бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­дер­нің ко­ды (код­та­ры)
Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар мен қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­лық анық­та­ма­лы­ғы­на сәй­кес бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің ко­ды
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі үшін тех­ни­ка­лық және функ­ци­о­нал­дық си­патта­ма­лар­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің са­на­ты
1
2
3
4
5
6
7
8

2 Бағдарламалық қамтылымды сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш

Сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық өнеркәсіп
өнімін сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне
енгізу өлшемшарттарына
2-қосымша
Нысан
Бағдарламалық қамтылымды сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш
1.___________________________________________________________________
(тіркелген заңды мекенжайы)
2. байланыс телефон нөмірі: _________________________________
3. ___________________________________________________________________
(бағдарламалық қамтылымның толық атауы)
4. қызмет түрі ________________________________________________
5. __________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
6. бизнес сәйкестендіру номері/ жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________________
7. электрондық пошта: ________________________________
8. ___________________________________________________________________
функционалын, ерекшеліктері мен артықшылықтарын, қолданылу саласын, тұтынушыларды көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде еркін нысанда бағдарламалық қамтылымның сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ өнім әзірленген платформаның сипаттамасы (бар болса);
9. __________________________________________________________________
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (бар болса)
10. __________________________________________________________________
экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық қамтылымның коды (кодтары)
11. _________________________________________________________________
тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес бағдарламалық қамтылымның коды
12. __________________________________________________________________
индустриялық сертификаттың нөмірі
13. __________________________________________________________________
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган берген сынақтар актісінің нөмірі (болған кезде)
14. _________________________________________________________________
ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету санаттары және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы
15. _________________________________________________________________
(электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)

3 Электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш

Сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп өнімінің
тізіліміне енгізу өлшемшарттарына
3-қосымша
Нысан
Электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш
1. ___________________________________________________________________
(тіркеудің заңды мекенжайы)
2. байланыс телефон нөмірі: _________________________________
3. ___________________________________________________________________
(электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
4. қызмет түрі ________________________________________________
5. __________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
6. бизнес сәйкестендіру номері/ жеке сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________
7. электрондық пошта: ________________________________
8. ___________________________________________________________________
электрондық өнеркәсіп өнімінің функционалын, ерекшеліктері мен артықшылықтарын, қолданылу саласын, тұтынушыларды көрсете отырып, еркін нысандағы мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ өнімнің фотобейнесі;
9. __________________________________________________________________
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (бар болса)
10. _________________________________________________________________
экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің коды (кодтары)
11. _________________________________________________________________
тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің коды
12. __________________________________________________________________
индустриялық сертификаттың нөмірі
13. __________________________________________________________________
сынақтар актісінің нөмірі (бар болса)
14. _________________________________________________________________
электрондық өнеркәсіп өнімдерінің санаты
15. _________________________________________________________________
(электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)

4 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш

Сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым және
электрондық өнеркәсіп өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына 4-қосымша
Нысан
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш
_______________________________________________________________
Енгізілетін тізілімдік жазбаның атауы және мазмұны өзгерістер және (немесе) толықтырулар
________________________________________________________________
Жаңа редакциядағы тізілімдік жазбаның атауы және мазмұны: мәлімделетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың себебі
________________________________________________________________
байланыс телефон нөмірлері

5 Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен алып тастау туралы өтініш

Сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу қағидалары,
сондай-ақ бағдарламалық қамтылым
және электрондық өнеркәсіп өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына 5-қосымша
Нысан
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен алып тастау туралы өтініш
_______________________________________________________________
Тізілімнен шығарылатын тізілімдік жазбаның атауы мен мазмұны
________________________________________________________________
Тізілімнен шығару себебі
________________________________________________________________
байланыс телефон нөмірлері

6 Сенім білдірілген бағдарламалық

қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына 6-қосымша
Нысан
[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері
[УО атауы (орыс тілінде] УО орыс тіліндегі
деректемелері
Анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама
Нөмір: [Нөмір]
Берген күні: [Берген күні] [Өтініш
берушінің атауы]
[УО атауы] Сіздің [Өтінім беру күні] № [Өтінім нөмірі] қарастырып, келесіні хабарлайды.
Тізілімге енгізу туралы өтінім және оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен бекітілген тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу өлшемшарттарына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 16750 болып тіркелді) сәйкес беріледі және қаралады.
[Анықталған сәйкессіздіктер].
Осыған байланысты Сіздің компанияңыз мәлімдеген [өнімнің атауы] [бағдарламалық қамтылымы/электрондық өнеркәсіп өнімі] Тізілімге енгізуге жатпайды.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (тегі,
аты, әкесінің
аты (бар
болса)]

7 Сенім білдірілген бағдарламалық

қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым және
электрондық өнеркәсіп өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне
енгізу өлшемшарттарына
7-қосымша
Нысан
[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері
[УО атауы (орыс тілінде] УО орыс тіліндегі
деректемелері
Бағдарламалық қамтылымды /электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама
№ _______________ күні «___» ___________
20___ж.
Осы хабарлама
___________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
_____________________________________________________________
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы)
Бизнес сәйкестендіру номері
_____________________________________
тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің коды _________________________________
экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің коды (кодтары)
_________________________________
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (бар болса)
_________________________________
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы) берілді.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)]

8 Сенім білдірілген бағдарламалық

қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым және
электрондық өнеркәсіп өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне
енгізу өлшемшарттарына
8-қосымша
Нысан
[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері
[УО атауы (орыс тілінде] УО орыс тіліндегі
деректемелері
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы
хабарлама
№ _______________ күні «___» ___________ 20___ж.
Осы хабарлама
_______________________________________________________
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
____________________________________________________________
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы) берілді
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)]

9 Сенім білдірілген бағдарламалық

қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым және
электрондық өнеркәсіп өнімін
сенім білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізіліміне
енгізу өлшемшарттарына
9-қосымша
Нысан
[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері
[УО атауы (орыс тілінде] УО орыс тіліндегі
деректемелері
Бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен алып тастау туралы
хабарлама
№ _______________ күні «___» ___________ 20___ж.
Осы хабарлама
_______________________________________________________
______________________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
_______________________________________________________________________
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы) берілді
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)]

Қолданыстағы