Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности»

Бұйрық · № 179/НҚ · қабылданған 16.05.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2018-no-53-ekb-181797/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности» Күшін жойған 12.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности»

Күшін жойған Бұйрық № 179/НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 марта 2018 года № 53/НҚ «Об утверждении Правил формирования и ведения реестра доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, а также критериев по включению программного обеспечения и продукции электронной промышленности в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности»
Атауы (қаз.)
«Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
179/НҚ
Қабылданған күні
16.05.2023
Көрсетілген редакция
12.07.2026 181797_835977.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032548
ЭКБ идентификаторы
181797
Редакция идентификаторы
181797_835977
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:50
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 279/НҚ (12.07.2026 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бағдарламалық қамтылымның тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымға айрықша құқық немесе Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымның айрықша мүліктік құқықтарын мынадай тұлғалардың біреуіне не бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/ларына немесе заңды тұлғасына тиесілі айрықша құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне пайдалану құқығы;
2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 «Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары. 3-бөлім. Қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» (бұдан әрі – ҚР СТ ISO/IEC 15408-3) сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес орындау немесе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган берген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына (бұдан әрі – Ақпараттық қауіпсіздік талаптары) сәйкестігіне сынау нәтижелері бойынша актінің (бұдан әрі – сынау актісі) болуы.
11. Электрондық өнеркәсіптің тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық немесе өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын келесі тұлғалардың (құқық иеленушілердің) біреуіне не бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/тұлғасына немесе заңды тұлғасына тиесілі бүкіл қолданылу мерзіміне беру;
2) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымның ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 стандартына сәйкес 4-інші қауіпсіздік деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі (ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін еместігі туралы қорытынды алу үшін кемінде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді) немесе сынау актісінің болуы.».

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың  1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.