О внесении изменений в решение акима от 28 мая 2018 года № 7 «Об образовании избирательных участков в городе Рудном»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима от 28 мая 2018 года № 7 «Об образовании избирательных участков в городе Рудном»
- Атауы (қаз.)
- Әкімнің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 7 «Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 14.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2021 129686_527961.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NB008303
- ЭКБ идентификаторы
- 129686
- Редакция идентификаторы
- 129686_527961
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:50
0 Әкімнің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 7 «Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, Рудный қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісу бойынша Рудный қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Рудный қаласы әкімінің «Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 28 мамырдағы № 7 шешіміне (2018 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
№ 174, 850 сайлау учаскелері алынып тасталсын;
№ 176, 177 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 176 сайлау учаскесі
Рудный қаласының шекараларында: Парк көшесі, № 51 үй, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Рудный бөлімшесі.
№ 177 сайлау учаскесі
Қашар кентінің шекараларында: 1-шағын аудан, 44 кұрылыс, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қашар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.».
2 2. «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;