О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 947 «Об утверждении Правил мониторинга безопасности дорожной инфраструктуры автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 947 «Об утверждении Правил мониторинга безопасности дорожной инфраструктуры автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения»
- Атауы (қаз.)
- «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 947 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 27.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2023 179381_623372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032203
- ЭКБ идентификаторы
- 179381
- Редакция идентификаторы
- 179381_623372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:08
0 «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 947 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 947 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18132 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 36-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 36-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі тәртібі»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын
«Жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелері жолдарды пайдаланушылар үшін ашық болып табылады және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдары жол
инфрақұрылымы қауіпсіздігінің
мониторингі қағидаларына
1-қосымша»;
2- қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдары жол
инфрақұрылымы қауіпсіздігінің
мониторингі қағидаларына
2-қосымша».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі