О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл от 28 июня 2019 года № 1/46 «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по району Тереңкөл на 2019 – 2020 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл от 28 июня 2019 года № 1/46 «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по району Тереңкөл на 2019 – 2020 годы»
- Атауы (қаз.)
- Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы «Тереңкөл ауданы бойынша 2019 – 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» № 1/46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/64
- Қабылданған күні
- 18.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2020 149222_495063.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PH007053
- ЭКБ идентификаторы
- 149222
- Редакция идентификаторы
- 149222_495063
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:41
0 Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы «Тереңкөл ауданы бойынша 2019 – 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» № 1/46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы «Тереңкөл ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6465 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 1/46 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тереңкөл ауданы бойынша 2019 – 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі көрсетілген жоспардың 7 – тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. Аудан жерлерінің жалпы жер көлемі 675217,71 гектар (бұдан әрі – га), соның ішінде жайылым жерлер – 108094,59 га.
Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 447634,92 га;
елдi мекендердiң жерлерi – 104261,73 га;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 3549,14 га;
орман қорының жерлері – 22894,0 га;
су қорының жерлерi – 7800,0 га;
босалқы жерлер – 86823,92 га.
Тереңкөл ауданында жер балансының мәліметтері бойынша жалпы ауданы 447,6 мың га есептеледі, соның ішінде жайылым 149,4 мың га, барлығы 373 ауылшаруашылық құрылымдар, оның ішінде:
- 60,2 мың га көлемде 216 шаруа және фермер қожалығы, оның ішінде жайылымдар 8,6 мың га;
- 47,8 мың га көлемде 157 шаруашылық серітестік және акционерлік қоғам, оның ішінде жайылымдар 6,2 мың га;
- 4,0 га көлемде 2 мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды тұлғалар, оның ішінде жайылымдар 4,0 га.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жалпы санынан жайылымдар:
- 239,0 га көлемде 1 телім жеке меншікте;
- 19,8 мың га көлемде 133 телім жер пайдалануда орналасқан.».