О внесении изменения в совместный приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 194 и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 марта 2019 года № 161 «Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 194 и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 марта 2019 года № 161 «Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 194 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 161 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 17.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2022 164098_559255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026649
- ЭКБ идентификаторы
- 164098
- Редакция идентификаторы
- 164098_559255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:43
0 «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 194 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 161 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 194 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 161 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18456 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Сауда және
интеграция министрі
__________Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
__________М. Бектанов
0 Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары - Сауда және
интеграция министрі 2022 жылғы
19 қаңтардағы № 30-НҚ мен
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрі 2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 13 бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы № 161
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 28 наурыздағы № 194
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі
Р/с
№
Объектіні және қолданылу саласын көрсетумен
өлшем атауы
Метрологиялық талаптар
Ескертпе
өлшем
диапазоны
Рұқсат етілетін шекті қателік
немесе дәлдік сыныбы
1
2
3
4
5
1
Ұзындықты өлшеу – адамның геометриялық параметрлерін өлшеу, жазықтықтағы заттар арасындағы ұзындықты немесе қашықтықты өлшеу үшін
0 мм – 100000 мм
дәлдік сыныбы 1, 2, 3, 4, 5
∆ = 0,1 мкм – 50 мм
δ = ± (0,25 - 5) %
2
Ұзындықты өлшеу – дәл топогеодезиялық карталарды жасау үшін
0 мм – 2500 мм
дәлдік сыныбы 1, 2, 3, 4, 5
∆ = 0,1 мкм – 50 мм
δ = ± (0,25 - 5) %
3
Қалыңдықты өлшеу – ыдыс, қысыммен жұмыс істейтін қазандар қабырғаларының қалыңдығын, бөлшектердің тозуын өлшеу және қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін қозғалтқыштар мен агрегаттарда өлшеу жүргізу үшін
0 мм – 1000 мм
∆ = ± (30 - 150) мкм
4
Тереңдікті өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін агрегаттар мен механизмдер тораптарының өндірілуін өлшеу үшін
0 мм – 2500 мм
∆ = ± (30 - 200) мкм
5
Бұрыштарды өлшеу – қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету кезінде еңкею, құлау, бірігу бұрыштарын және басқа да жазық бұрыштарды өлшеу үшін
00 – 3600
дәлдік сыныбы 0, 1, 2
∆ = 0,5" – 15'
6
Массаны өлшеу – дене массасын өлшеу, қабылданатын немесе берілетін материалдық құралдарды есепке алу үшін
1 мг – 200000 кг
дәлдік сыныбы 1; 2; 2,5; 4
дәлдік сыныбы Е1, Е2, F1, F2, М1, М2, М3
орташа дәлдік сыныбы
∆ = 0,1 мг – 100 кг
масса бірлігі болып табылатын өлшем бірліктері
7
Күш өлшеу (тарту, созу) – қару-жарақ пен әскери техниканың көтергіш механизмдеріне қызмет көрсету және олардың беріктігін куәландыру кезінде күш немесе жұмсалатын күш-жігерді өлшеу үшін
0,01 Н – 2000 кН;
0,5 кгс/м – 250 кгс/м
δ = ± (0,1 – 5) %
8
Күш кезін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың тораптары мен агрегаттарының бұрандаларын тартуды жүзеге асыру үшін қажетті күшті өлшеу үшін
1 Нм – д 3000 Нм
0,5 кг/м – 50 кг/м
δ = ± (0,5 – 5) %
9
Қысымды өлшеу – материалдық құралдарды есепке алу, жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қару-жарақ пен әскери техниканы авариясыз пайдалану үшін қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау мақсатында жүйелердегі, ыдыстар мен агрегаттардағы қысымды өлшеу үшін
0 Па – 250 Мпа;
0 – 2500 кг/см2
дәлдік сыныбыы: 0,4; 0,6; 1,0; 1,5; 1,6; 2,5; 4
δ = ± (0,005 – 5) %
(май, су, оттегі, сұйықтық пен газ)
10
Вакуумды өлшеу – жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қару-жарақ пен әскери техниканы авариясыз пайдалану үшін қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау мақсатында жүйелердегі, ыдыстардағы және агрегаттардағы вакуумды өлшеу үшін
минус 105 Па – 0 Па;
минус 104 кг/см2 – 0 кг/см2
дәлдік сыныбы: 0,4; 0,6; 1,0; 1,5; 1,6; 2,5; 4
δ = ± (0,005 – 5) %
11
Айналу жиілігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника қозғалтқыштарының электр және механикалық механизмдері мен агрегаттарының айналу жиілігін өлшеу үшін
0 – 60000 об/мин
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 4,0
δ = ± (0,4 – 5)%
12
Тербеліс (діріл) жиілігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника қозғалтқыштарының электр және механикалық механизмдері мен агрегаттарының тербеліс (діріл) жиілігін өлшеу үшін
5 – 1000 Гц
0 мм/с2 – 1000 м/с2
δ = ± (0,4 – 5)%
13
Жылдамдықты өлшеу – тексеру және сынау стенділерінде ұшу аппараттарының қозғалысы жылдамдығының параметрлерін өлшеу үшін
5 – 2000 км/сағ
Δ = (1 – 50) км/сағ
14
Сұйықтықтар мен газдардың шығысы мен мөлшерін өлшеу – қабылданатын немесе берілетін материалдық құралдарды есепке алу үшін
0,05 мл/с – 10 мл/с;
0,012 м3/сағ – 12500 м3/сағ;
4 л/мин – 250 л/мин
δ = ± (0,1 – 5)%
(есептегіштер мен шығыс өлшегіштер) өлшем бірлігі (литр, текше метр және олардың еселігі) болып табылатын өлшем бірліктері
15
Ауа ағынының жылдамдығын өлшеу – метеостанциялардағы ауа ағынының жылдамдығын, сондай-ақ ұшу аппараттарының құрамына кіретін бақылау аппаратурасын өлшеу үшін
0,2 м/с – 30 м/с
∆ = ± (0,1 - 2) м/с
δ = ± (0,5 – 10) %
16
Сұйықтықтар мен газдардың мөлшерін өлшеу – резервуарлар мен цистерналардағы сұйықтықтар мен газдардың мөлшерін өлшеу үшін
2 дм3 – 50000 дм3;
100 м3 – 200 000 дм3
δ = ± (0,02 -0,5) %
17
Тығыздықты, үлес салмағын және концентрацияны өлшеу – жанар-жағармай материалдарының, улы-техникалық сұйықтықтар мен газдардың құрамына кіретін заттарды өлшеу үшін
4,0×10-7 м2/с – 3 г/см³;
0 % – 100 %;
650 кг/м3 – 2000 кг/м3
∆ = ± (10-5–10-6) г/см³
∆ = ± (0,05-0,5) %
∆ = ± (0,5-20) кг/м3
18
рН өлшеу – жанар-жағармай материалдарының құрамына кіретін рН заттардың деңгейін өлшеу үшін
минус 20 бірл. рН – 20 бірл рН
∆ = ± 0,003 бірл. рН – ± 0,5 бірл. рН
19
Ылғалдылықты өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану және жеке құрамның тұруы объектілеріндегі ылғалдылықты өлшеу үшін
0% – 100 %
∆ = ± 2% – ± 6 %
20
Температураны өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану және жеке құрамның тұруы объектілеріндегі температураны өлшеу үшін
минус 200 °С – 1600 °С
δ дов = ± (0,01 – 5,0) °С
δ = ± (0,25 – 1,0 )%
21
Температураны өлшеу – жеке құрам болатын объектілердегі температураны өлшеу үшін
минус 80 °С – 100 °С
δ дов = ± (0,01 – 5,0) °С
δ = ± (0,25 – 1,0 )%
22
Жарық күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарық күшін өлшеу үшін
1 – 100000 лк
1 – 55000кд/м3
0 – 100 %
Δ = ± (2.0 – 10)%
Δ = ± (0,2 – 1,0)%
23
Жарық өткізу коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарық өткізу коэффициентін өлшеу үшін
1 % – 100 %
Δ = ±(1,0 – 5,0) %
24
Жарықтың сыну күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарықтың сыну күшін өлшеу үшін
минус 30 дптр – 25 дптр
Δ = ± (0,05 - 0,25) дптр
δ = ±0,25%
25
Шу мен дірілді өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану объектілерінде шу мен дірілді өлшеу үшін
20 – 140 дБ
1 – 40000 Гц
дәлдік сыныбы 0,5; 1,0; 1,5
Δ = ± (0,5 – 1,0) дБ
26
Тұрақты ток кернеуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-6 – 5000 В
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
27
Ауыспалы ток кернеуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-6 – 5000 В
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
28
Ауыспалы ток күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-10 – 150 А
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
29
Тұрақты ток күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-10 – 150 А
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
30
Электр кедергісін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-4 – 1015 Ом
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
31
Электр сыйымдылығын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-14 – 0,02 Ф
дәлдік сыныбы 0,5; 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,05 % - 10) %
32
Электромагниттік индукцияны өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0,1 мкГн – 1000 Гн
δ = ± (0,02 – 10) %
33
Электр сигналының қуатын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0 – 400 Вт
δ = ± (1 – 10) %
34
Жиілікті өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде сигналдардың жиілігін өлшеу үшін
0 – 37,5 ГГц
δ = ± (0,05-5×10-9) %
35
Уақытты өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде аппаратураның уақытын, жұмыс уақытын өлшеу үшін
0 с – 9 сағат 59 минут 59 с
δ = ± (0,005 - 0,05) %
36
Сигналдың әлсіреуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0 – 140 дБ
Δ = ± (0,03 - 5) дБ
37
Амплитудалық модуляция және жиіліктің девиациясы коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0,1 – 100 %
1 – 1000 кГц
Δ = ± (0,015 - 3) %
δ = ± (2 – 5) %
38
Сіңірілетін қуатты өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0,1мкВт – 5000 Вт
δ = ± (0,1 – 25) %
39
Беру және көрсету коэффициенттерін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
1,05 – 5
Δ = ± (0,05 - 5) К
40
Фазалардың айырмашылығын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0 – 360 °
Δ = ± (0,1 - 2,5) °
41
Күшейту коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
минус 20 – 100 дБ
δ =± (4 – 25) %
42
Рентген және гамма сәулелену дозасын өлшеу – жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде
60 нЗв/сағ – 10 Зв/сағ;
0,0272 мкР/с – 830 мкР/с;
0,03 – 4,4 МэВ
δ = ± (2,5 - 30) %
43
Альфа-бета-гамма сәулелену спектрін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
20 – 6000 кэВ
δ = ± (1 – 60) %
44
Радионуклидтердің белсенділігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
1,5 Бк – 106 Бк
δ = ± (4 – 15) %
Негізгі пайдаланылатын қысқартулар:
А – ампер;
В – вольт;
кВт – киловатт;
кг – килограмм;
мг – миллиграмм;
л/мин – минутына литр;
м – метр;
мм – миллиметр;
мкм – микрометр;
м/с – секундына метр;
кН – килоньютон;
ГОм – гигаом;
МОм – мегаом;
Па – паскаль;
гПа – гектопаскаль;
кПа – килопаскаль;
МПа – мегапаскаль;
ГГц – гигагерц;
дптр – диоптрия;
рН – сутегі көрсеткіші;
нЗв /сағ – сағатына нанозиверт;
мкР / с – секундына микрорентген;
°С – Цельсий градусы;
° – градус;
' – минут;
" – секунд;
% – процент;
Δ – абсолютті қателік;
δ – салыстырмалы қателік.