О внесении изменений в постановление акимата города Шымкент от 28 марта 2019 года № 263 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 28 февраля 2018 года № 102 «Об установ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Шымкент от 28 марта 2019 года № 263 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования и о признании утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 28 февраля 2018 года № 102 «Об установ
- Атауы (қаз.)
- «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толған
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 381
- Қабылданған күні
- 19.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2021 144163_535705.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20E0000112
- ЭКБ идентификаторы
- 144163
- Редакция идентификаторы
- 144163_535705
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:00
0
«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 102 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №102 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3 3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н. Ергешбекке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы «___»____________
№___ қаулысына 1-қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «28» наурыздағы
№263 қаулысымен бекітілді
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Шымкент құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
320
1
3
2.
«Стандарт Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
835
1
8
3.
«Шымкент сыра қайнату зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
518
1
5
4.
«ЮНИКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
295
1
3
5.
«Шымкентцемент» акционерлік қоғамы
297
1
3
6.
«Шымкентмай» акционерлік қоғамы
640
1
6
Барлығы:
2905
28
9 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы «___»____________
№___ қаулысына 2-қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «28» наурыздағы
№263 қаулысымен бекітілді
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Назар-Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
139
1
1
2.
«TAU-PRODUCT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
118
1
1
3.
«Шымкентцемент» акционерлік қоғамы
297
1
3
Барлығы:
554
5
10 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы «___»____________
№___ қаулысына 3-қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «28» наурыздағы
№263 қаулысымен бекітілді
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санының)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Шымкент сыра қайнату зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
518
1
5
2.
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Ана мен бала» оңалту орталығы
168
1
2
3.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мамандырылған бөбектер үйі»
160
1
2
Барлығы:
846
9