Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 30 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»

Бұйрық · № 215 · қабылданған 01.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2019-no-30-ekb-144605/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 30 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 215 ·01.07.2020
01.07.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 30 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 215 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 30 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
215
Қабылданған күні
01.07.2020
Көрсетілген редакция
01.07.2020 144605_471033.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G20JB000215
ЭКБ идентификаторы
144605
Редакция идентификаторы
144605_471033
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:44

0 «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің
2019 жылғы 28 наурыздағы
№ 30 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақта:
«Жастар саясатын үйлестіру басқармасы» бөлімінде:
«іске асыру» кіші бөлімі:
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;»;
«Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы» бөлімінде:
«іске асыру» кіші бөлімі:
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;»;
«Мониторинг және талдау басқармасы» бөлімінде:
«іске асыру» кіші бөлімі:
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;»;
«Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы» бөлімінде:
«іске асыру» кіші бөлімі:
мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар және отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;»;
«Жобаларды үйлестіру басқармасы» бөлімінде:

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабарлауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы