О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 30 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 30 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар және отбасы істері комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 338
- Қабылданған күні
- 08.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.10.2020 147231_486186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G20JB000338
- ЭКБ идентификаторы
- 147231
- Редакция идентификаторы
- 147231_486186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:24
0
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар және отбасы істері комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақта:
«Жастар саясатын үйлестіру басқармасы» деген бөлімде:
«реттеуші» деген кішібөлімде:
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу»;
«іске асыру» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;
мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар саясаты саласындағы қажетті ақпаратпен толтырылуынқамтамасыз ету ;
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;
Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарау ;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;
Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
жастар саясаты мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
«мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру» деген он бірінші абзац алып тасталсын;
«білім беру және тәрбиелеу жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультациялық көмек көрсету» деген он төртінші абзац алып тасталсын;»;
«Отбасылық саясатты үйлестіру басқармасы» деген бөлімде:
«іске асыру» деген кіші бөлімде:
«отбасы мәселелері бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;» деген он екінші және «отбасы саясаты саласындағы үрдістерге жүйелі талдау жасау;» деген он үшінші абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
отбасылық саясат мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;
мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;
Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және отбасылық саясат салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;»;
«Мониторинг және талдау басқармасы» деген бөлімде:
«іске асыру» деген бөлімшесінде:
«Басқарманың құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;» деген екінші, «Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;» деген үшінші абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыру;
үрдістерді жүйелі талдау мен болжауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында анықтамалық материалдар дайындау;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпарат, анықтамалар, шолулар дайындау;
Комитеттің құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарау ;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;»;
«мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жастар және отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;» деген жетінші абзац алып тасталсын;
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметін үйлестіру, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет және қаржы тәртібін бақылауды қамтамасыз ету;» деген он төртінші абзац алып тасталсын;
«жастар мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;» деген он жетінші абзац алып тасталсын;»;
«Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы» деген бөлімде:
«іске асыру» деген бөлімше:
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпараттармен толықтыруда қамтамасыз ету;
мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;
Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жастар және отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;»;
«Жобаларды үйлестіру басқармасы» деген бөлімде:
«іске асыру» деген бөлімшеде:
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бюджет және қаржы қызметі жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үйлестіру;» деген он үшінші абзац алып тасталсын;
«Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;» деген он бесінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру аясында жастар және отбасы саясаты саласындағы іс-шаралардың уақытылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
Комитеттің құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және жүзеге асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпараттармен толықтыруда қамтамасыз ету;
мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және гранттық қаржыландыруды қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;».