О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 33 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 28 марта 2019 года № 33 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам религий Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 25.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2021 156199_526318.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21JB000176
- ЭКБ идентификаторы
- 156199
- Редакция идентификаторы
- 156199_526318
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:03
0 «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 33 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
20-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат жетекшісіне Комитет құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат жетекшісіне Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;».
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;