Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Алматинской области от 28 января 2019 года № 43 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»

Қаулы · № 434 · қабылданған 08.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2019-no-43-ekb-135185/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Алматинской области от 28 января 2019 года № 43 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения» Күшін жойған Қаулы ·№ 434 ·08.10.2019
31.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Алматинской области от 28 января 2019 года № 43 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»

Күшін жойған Қаулы ·№ 434 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Алматинской области от 28 января 2019 года № 43 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
Атауы (қаз.)
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
434
Қабылданған күні
08.10.2019
Көрсетілген редакция
31.01.2020 135185_443127.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19D0005281
ЭКБ идентификаторы
135185
Редакция идентификаторы
135185_443127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:17

0 Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы облысы әкімдігінің «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5055 тіркелген, 2019 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері:
1) «Дәрігерді үйге шақыру» осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;
4) «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес;
9) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы беру» осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес;
12) «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес;
13) «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес;
14) «Жедел медициналық көмек көрсету» осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес;
15) «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емделуге жатқызуға жіберу жолдамасын беру» осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес;
16) «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес;
17) «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес;
18) «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 5-қосымшасына сәйкес бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
көрсетілген қаулының 6-қосымшасына сәйкес бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
көрсетілген қаулының 7-қосымшасына бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
осы қаулының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес 17 және 18-қосымшаларымен толықтырылсын.

2 2. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «___» ___________ №_____ қаулысымен бекітілген
1-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 43 қаулысымен бекітілген 5-қосымша
«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесімен өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес электрондық түрдегі нысанда диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама.

Анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.
Анықтаманың жарамдылық мерзімі – күнтізбелік 10 күн.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау – 10 (он) минут (Стандарттың 10 - тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады). Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау – 10 (он) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 10 (он) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жолдайды;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама жіберіледі;

3 3) сұрау салуды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

29 «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

30 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «___» ___________ №_____ қаулысымен бекітілген
2-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 43 қаулысымен бекітілген 6-қосымша
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат түріндегі нысанда диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама «Психикалық науқастардың тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау – 10 (он) минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, «Психикалық науқастардың тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау – 10 (он) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 10 (он) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.

4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған құжаттарды жолдайды - 15 (он бес) минут;

2 2) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

3 3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 15 (он бес) минут.

10 10. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жолдайды;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама жіберіледі;

3 3) сұрау салуды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

58 «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

59 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «___» ___________ №_____ қаулысымен бекітілген
3-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 43 қаулысымен бекітілген 7-қосымша
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат түріндегі нысанда диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама «Наркологиялық науқастардың тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау – 10 (он) минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, «Наркологиялық науқастардың тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау – 10 (он) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 10 (он) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.

4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған құжаттарды жолдайды - 15 (он бес) минут;

2 2) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

3 3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 15 (он бес) минут.

10 10. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жолдайды;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама жіберіледі;

3 3) сұрау салуды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

87 «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

88 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «___» ___________ №_____ қаулысымен бекітілген
4-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 43 қаулысымен бекітілген 17-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды).

Қорытынды «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11795 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау – 30 (отыз) минут (Стандарттың 10 - тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады). Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу, қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау – 1 (бір) жұмыс күні және 7 (жеті) жұмыс сағаты ішінде. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 30 (отыз) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.

104 «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

105 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «___» ___________ №_____ қаулысымен бекітілген
5-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 43 қаулысымен бекітілген 18-қосымша
«Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген № 072/е нысаны бойынша берілген санаторийлік - курорттық картасы.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау – 30 (отыз) минут (Стандарттың 10 - тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады). Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу, қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау – 7 (жеті) жұмыс сағаты ішінде. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 30 (отыз) минут. Нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.

121 «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Қолданыстағы