О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима сельского округа Куркелес Сарыагашского района от 28 июня 2019 года № 66 «Об установлении ограничительных мероприятий на улице К.Айкынбекова в населенном пункте Нурлы жол сельского округа Куркелес Сарыагашского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима сельского округа Куркелес Сарыагашского района от 28 июня 2019 года № 66 «Об установлении ограничительных мероприятий на улице К.Айкынбекова в населенном пункте Нурлы жол сельского округа Куркелес Сарыагашского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алып тастау және Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округ әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 66 «Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекені Қ.Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 11.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2019 134670_420658.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UKV05178
- ЭКБ идентификаторы
- 134670
- Редакция идентификаторы
- 134670_420658
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:32
0 Шектеу іс-шараларын алып тастау және Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округ әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 66 «Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекені Қ.Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облысы аумақтық инспекциясы Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі №02-05/325 ұсынысы негізінде, Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Иттің құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекені Қ.Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2
2. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №66 «Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекені Қ.Айқынбеков көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5108 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 шілдедегі «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінің №27 (11703) жарияланған және 2019 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді Түркістан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуілін қамтамасыз етсін;