О внесении изменения в совместное постановление акимата города Кокшетау от 28 августа 2019 года № А-8/1531 и решение Кокшетауского городского маслихата от 28 августа 2019 года № С-36/4 «Об установлении льготы по оплате проезда отдельной категории граждан города Кокшетау на общественном транспорте (кроме такси) в городе Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместное постановление акимата города Кокшетау от 28 августа 2019 года № А-8/1531 и решение Кокшетауского городского маслихата от 28 августа 2019 года № С-36/4 «Об установлении льготы по оплате проезда отдельной категории граждан города Кокшетау на общественном транспорте (кроме такси) в городе Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № А-8/1531 бірлескен қаулысы мен Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 «Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/897
- Қабылданған күні
- 06.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2021 155866_523344.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21BA008481
- ЭКБ идентификаторы
- 155866
- Редакция идентификаторы
- 155866_523344
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:11
0
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № А-8/1531 бірлескен қаулысы мен Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 «Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы №А-8/1531 және Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы №С-36/4 «Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» бірлескен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 болып тіркелген) өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
1 «1. Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - тегін жол жүру;
2 2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің жұбайына (зайыбына), сондай – ақ екiншi рет некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының жұбайына (зайыбына) - тегін жол жүру;
3
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – тегін жол жүру;