О внесении изменений в постановление акимата Осакаровского района от 28 февраля 2020 года № 11/01 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Осакаровского района от 28 февраля 2020 года № 11/01 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 56/01
- Қабылданған күні
- 13.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2021 158924_538806.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KO024426
- ЭКБ идентификаторы
- 158924
- Редакция идентификаторы
- 158924_538806
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:46
0 Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы
№ 11/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11/01 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Осакаров аудандық мәслихаты
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Осакаров ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 13
қыркүйектегі
№ 56/01
қаулысына қосымша
Осакаров ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
28 ақпандағы № 11/01
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық
жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі