О внесении изменения в постановление акимата города Актау от 28 июля 2020 года № 1293 «Об определении и утверждении мест и маршрутов размещения нестационарных торговых объектов в городе Актау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Актау от 28 июля 2020 года № 1293 «Об определении и утверждении мест и маршрутов размещения нестационарных торговых объектов в городе Актау»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 «Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-07/1349
- Қабылданған күні
- 08.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2023 184845_646838.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23MA459112
- ЭКБ идентификаторы
- 184845
- Редакция идентификаторы
- 184845_646838
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:27
0 Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293
«Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4264 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».