О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № ҚР ДСМ-166/2020 «Об утверждении типовых правил проведения занятия физической зарядкой»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № ҚР ДСМ-166/2020 «Об утверждении типовых правил проведения занятия физической зарядкой»
- Атауы (қаз.)
- «Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-166/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 70
- Қабылданған күні
- 28.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2025 212840_769255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036526
- ЭКБ идентификаторы
- 212840
- Редакция идентификаторы
- 212840_769255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:01
0 «Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-166/2020 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-166/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 204) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 204) тармақшасына сәйкес әзірленді және дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізу тәртібін айқындайды.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.