Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 197 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере предоставления специальных социальных услуг»

Бұйрық · № 465 · қабылданған 10.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2020-no-197-ekb-161761/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 197 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере предоставления специальных социальных услуг» Қолданыста Бұйрық ·№ 465 ·10.12.2021
10.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 197 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере предоставления специальных социальных услуг»

Қолданыста Бұйрық ·№ 465 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 197 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере предоставления специальных социальных услуг»
Атауы (қаз.)
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
465
Қабылданған күні
10.12.2021
Көрсетілген редакция
10.12.2021 161761_552507.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025802
ЭКБ идентификаторы
161761
Редакция идентификаторы
161761_552507
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:11

0 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-собес» ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштегі деректер автоматты түрде «Е-собес» ААЖ-ға беріледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешім шығарылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында құжаттарды ресімдеу туралы және авторизациялау және стационарлық, жартылай стационарлық, үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді (http://aleumet.egov.kz).»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-собес» ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, порталмен байланысқан кезде, өтінішіндегі деректер автоматты түрде «Е-собес» ААЖ-не беріледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Көрсетілетін қызметті беруші арнаулы әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қорытындысын және тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешім шығарылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бір жұмыс күні ішінде құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында үйде қызмет көрсету ұйымын авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді (http://aleumet.egov.kz).»;
1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 465
бұйрығына 1-қосымша
«Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы органның немесе
жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйымның басшысына
__________________________________
__________________________________
(жергілікті атқарушы орган немесе
жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым басшысының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жеке басты куәландыратын құжат 20___ жылғы «___» ________ № ___ берілді
Тіркелген жері ________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ________________________________________
Туған жері ________________________________________________
Туған жылы «___» _________ _____ жыл
Жәрдемақы түрі мен мөлшері _____________________________________
Мүгедектік санаты _______________________________________________
Туыстарының (заңды өкілдерінің) болуы)____________________________
_______________________________________________________________
(туыстық қатынастар, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы,
байланыс телефоны)
____________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
стационарлық үлгідегі ұйымда тәулік бойы тұрақты/уақытша (қажетінің асты сызылсын)
тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені стационар
жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажмын (мұқтаж).
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _______________________ 2) _________________________
3) _______________________ 4) _________________________
5) _______________________ 6) _________________________
7) _______________________ 8) _________________________
9) _______________________ 10) ________________________
Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Стационарлық үлгідегі ұйымды қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру және шығару шарттарымен таныстым.
20___ жылғы «___» ___________
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Құжаттарды қабылдады ___________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20___ жылғы «___» ___________

2 Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 465
бұйрығына 2-қосымша
«Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы органның немесе
жергілікті атқарушы орган уәкілеттік
берген мемлекеттік ұйымның басшысына
__________________________________
__________________________________
(жергілікті атқарушы орган немесе
жергілікті атқарушы орган уәкілеттік
берген мемлекеттік ұйым басшысының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
«___» ___________ ______ жылы туған,
_________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға күндізгі болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуді сұраймын, өйткені жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге мұқтажмын (мұқтаж).
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _______________________ 2) _________________________
3) _______________________ 4) _________________________
5) _______________________ 6) _________________________
7) _______________________ 8) _________________________
9) _______________________ 10) ________________________
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру шарттарымен таныстым.
20___жылғы «___» __________
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Құжаттарды қабылдады ____________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20___ жылғы «___» ___________

3 Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты
әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 465
бұйрығына 3-қосымша
«Үйде күтім көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге құжаттар
ресімдеу» мемлекеттiк қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы
органның немесе
жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйымның
басшысына
__________________________________
___________________________________
_____________________________________
(жергілікті атқарушы орган
немесе жергілікті
атқарушы орган уәкілеттік
берген мемлекеттік
ұйым басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсету)
үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін есепке
алуды сұраймын.
Туған жылы _____________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________
Телефон номері (үй, ұялы) _________________________________________
Мүгедектік санаты (болған жағдайда) _______________________________
Бірге тұратын отбасы мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстығын
көрсету): ________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібі мен шарттарымен таныстым.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Күні 20__ жылғы «___» ___________
Өтінішті қабылдады ________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және лауазымын көрсету)
Қолы _________ Күні 20__жылғы «___» __________

Қолданыстағы