О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 28 января 2020 года № 22 «Об утверждении Правил проведения антикоррупционного мониторинга»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 28 января 2020 года № 22 «Об утверждении Правил проведения антикоррупционного мониторинга»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 19.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2026 229125_840688.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039638
- ЭКБ идентификаторы
- 229125
- Редакция идентификаторы
- 229125_840688
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:09
0 Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), оның аумақтық бөлімшелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері жүргізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген ақпаратты жинау (оның ішінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және лауазымды адамдарға сұрау салулар жіберу арқылы), өңдеу, жинақтау, талдау және бағалау жолымен жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Кешенді және тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес алынған ақпараттың анықтығы мен толықтығын растау мақсатында, егер объект сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нысанасына жататын салаға қатысты болса, баруға ашық жерлерде орналасқан объектіні (қоғамдық пайдалану орындарында не ашық жерде) фото- және бейнетіркеуді қолдану арқылы көзбен шолып қарауды жүргізеді.
Орналасқан жерге барып шығу барысында алынған мәліметтер осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген талдамалық есепте көрсетіледі.».