О внесении дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 сентября 2020 года № 352/НҚ «Об утверждении Правил отображения и использования электронных документов в сервисе цифровых документов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 сентября 2020 года № 352/НҚ «Об утверждении Правил отображения и использования электронных документов в сервисе цифровых документов»
- Атауы (қаз.)
- «Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 170/НҚ
- Қабылданған күні
- 19.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2024 194897_693845.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034175
- ЭКБ идентификаторы
- 194897
- Редакция идентификаторы
- 194897_693845
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:30
0 «Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21329 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары:
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Төлем және қаржы қызметтерін алған кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды қаржы және төлем ұйымдары цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке тұлғалар жеке жүгінген кезде (қатысуымен) оларға ұсынады және пайдаланылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.