Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2020 года № 51 «Об утверждении спортивной этики Республики Казахстан»

Бұйрық · № 107 · қабылданған 27.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2020-no-51-ekb-211985/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2020 года № 51 «Об утверждении спортивной этики Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 107 ·27.06.2025
27.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2020 года № 51 «Об утверждении спортивной этики Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 107 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2020 года № 51 «Об утверждении спортивной этики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
27.06.2025
Көрсетілген редакция
27.06.2025 211985_770555.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036386
ЭКБ идентификаторы
211985
Редакция идентификаторы
211985_770555
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:39

0 «Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20083 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының спорттық әдебі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының спорттық әдебі

Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 107
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 28 ақпандағы
№ 51 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының спорттық әдебі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасының спорттық әдебі (бұдан әрі – Спорттық әдеп) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-2) тармақшасына, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді және спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылар мен спорт төрешілерінің мінез-құлығының негізгі ережелерін белгілейді.

2 2. Негiзгi ұғымдар:

1 1) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы - спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның сайыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

2 2) жеке жаттықтырушы - спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

3 3) спорт төрешiсі - арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке адам;

4 4) спорттық әдеп - спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері үшін белгіленген мінез-құлық қағидалары;

5 5) спорттық жарыс - бекітілген ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс;

6 6) спорттық іс-шара - спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны.

2 2-тарау. Мінез-құлық ережелері

3 3. Спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері:

1 1) қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын алкогольдік, есірткілік немесе уыт-құмарлық мас күйінде болуына жол бермейді;

2 2) адал ойын және адал спорттық жарыс қағидаттарын сақтайды;

3 3) ұлттық командалардың өкілдеріне, қарсыластарына, көрермендерге және спорттық жарыстарды ұйымдастырушыларға спорттық іс-шараларда құрметпен қарайды;

4 4) басқа спортшылардың, волонтерлердің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтейді, сонымен қатар оларға қатысты кемсітушілікке жол бермейді және спорттық іс-шаралар мен марапаттау рәсімдері өтетін жерлерде саяси шерулерге қатыспайды;

5 5) өзінің спорттық беделіне зиян келтіруі мүмкін даулы жағдайлардан аулақ болады;

6 6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне, сондай-ақ спорттық жарыстарға қатысушы елдердің мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты және құрметпен қарайды;

7 7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясын, мәтінін біледі;

8 8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау кезінде Спорттық әдептің этикалық нормаларын ұстанады;

9 9) төреші шешіміне құрметпен қарайды және көпшілік даулардан аулақ болады;

10 10) спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша алынған спорттық марапаттарға (кубоктарға, медальдарға, грамоталарға және дипломдарға) ұқыпты және құрметпен қарайды;

11 11) спорттық жарыстарда марапаттау рәсіміне қатысады;

12 12) спорттық жарыстарда, марапаттау рәсімі кезінде, ресми суретке түсіру және масс-медиамен жұмыс істеу кезінде спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының немесе өзінің спорт клубының спорттық костюмдерінде болады;

13 13) спорттық іс-шараны жариялайтын масс-медиа өкілдерінің жұмысына құрметпен қарайды;

14 14) басқа спортшыларға еліктеу үшін үлгі ретінде өнер көрсетеді;

15 15) спорттық жарыстардың ережесін (регламентін) сақтайды.

4 4. Спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне:

1 1) оқу-жаттығу процесіне қатысы бар ақпаратты жария етуге;

2 2) спорттық іс-шара кезінде немесе одан кейін былапыт сөздер мен нормативтік емес лексиканы, қорлау қимылдарын пайдалануға;

3 3) спорттық жарыстардың немесе оқу-жаттығу жиындарының барысын себепсіз бұзатын немесе араласатын не Қазақстан Республикасының беделіне немесе имиджіне теріс әсер ететін кез келген әрекет немесе мінез-құлыққа;

4 4) ым тілі мен мимиканы қоса алғанда, жазбаша немесе ауызша түрде спорттық іс-шараны өткізу алдында, өткізу кезінде және (немесе) өткізгеннен кейін қандай да бір адамға қауіп төндіруге;

5 5) командада өзінің діни нанымдарын ашық көрсетуге және басқа адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға мәжбүр етуге.

5 5. Жеке жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар спортшылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін білуін қамтамасыз етеді.

6 6. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының басшылары Спорттық әдеп мәтінін дене шынықтыру және спорт ұйымдарында, дене шынықтыру -сауықтыру және спорт ғимараттарында көрнекі жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

7 7. Дене шынықтыру-спорт ұйымы жаттықтырушымен, жаттықтырушы-оқытушымен, төрешімен еңбек шарты және спорттық қызмет туралы шарт жасалған күні, сондай-ақ спортшы дене шынықтыру-спорт ұйымына қабылдаған күні оларды Спорттық әдеп мәтінімен жазбаша нысанда таныстырады.

Қолданыстағы