О внесении изменений в решение маслихата от 28 августа 2020 года № 511 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 28 августа 2020 года № 511 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 526
- Қабылданған күні
- 29.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2020 147930_488990.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NA009530
- ЭКБ идентификаторы
- 147930
- Редакция идентификаторы
- 147930_488990
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:03
0 Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 шешіміне (2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
қазақ тіліндегі 7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«8) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
14, 15- тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және (немесе) құжатпен қоса өтініш береді.
15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».