Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Глубоковского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 51/3-VI «Об определении порядка организации и проведения мирных собраний на территории Глубоковского района»

Өзге акт · № 10/6-VIII · қабылданған 20.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2020-no-513-vi/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Глубоковского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 51/3-VI «Об определении порядка организации и проведения мирных собраний на территории Глубоковского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 10/6-VIII ·20.03.2024
20.03.2024 редакциясы
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Глубоковского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 51/3-VI «Об определении порядка организации и проведения мирных собраний на территории Глубоковского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 10/6-VIII · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Глубоковского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 51/3-VI «Об определении порядка организации и проведения мирных собраний на территории Глубоковского района»
Атауы (қаз.)
Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 51/3-VI «Глубокое ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10/6-VIII
Қабылданған күні
20.03.2024
Көрсетілген редакция
20.03.2024 194852_690769.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24VI897916
ЭКБ идентификаторы
194852
Редакция идентификаторы
194852_690769
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:30

0 Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 51/3-VI «Глубокое ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 51/3-VI «Глубокое ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7776 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Глубокое ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 - бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

1 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Айқындалсын:

осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.»;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес 2, 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

Глубокое аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 10/6-VIII шешіміне
1 қосымша
Глубокое аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 51/3-VI шешіміне
1 қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
№ п/п
Арнайы орын
Шекті толу нормасы
1
Глубокое кентіндегі Пирогов көшесі бойындағы 22 үйдің ауданындағы алаң
50 адамнан артық емес
2
Шерулер мен демонстрациялар үшін маршрут:
Глубокое кенті Пирогов көшесі бойындағы 22 үйдің ауданындағы алаңнан бастап Попович көшесі 13 стадионға дейін

6 Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Глубокое аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 10/6-VIII шешіміне
2 қосымша
Глубокое аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 51/3-VI шешіміне
2 қосымша
Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 5 және 6 – баптарының талаптарын сақтауы тиіс.
Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға құқылы;
Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

7 Арнайы орындарды пайдалану тәртібі

Глубокое аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 10/6-VIII Шешіміне
3 қосымша
Глубокое аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 51/3-VI шешіміне
3 қосымша
Арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

8 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Глубокое аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 10/6-VIII шешіміне
4 қосымша
Глубокое аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 51/3-VI шешіміне
4 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр арақашықтықта пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Қолданыстағы