Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 589 «Об утверждении Правил проведения медицинских осмотров личного состава в военно-медицинских подразделениях Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Бұйрық · № 303 · қабылданған 16.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2020-no-589/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 589 «Об утверждении Правил проведения медицинских осмотров личного состава в военно-медицинских подразделениях Вооруженных Сил Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 303 ·16.05.2022
16.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 589 «Об утверждении Правил проведения медицинских осмотров личного состава в военно-медицинских подразделениях Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 303 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 589 «Об утверждении Правил проведения медицинских осмотров личного состава в военно-медицинских подразделениях Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303
Қабылданған күні
16.05.2022
Көрсетілген редакция
16.05.2022 167871_576445.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028116
ЭКБ идентификаторы
167871
Редакция идентификаторы
167871_576445
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:55

0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларында:
1-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Авиациялық персоналға жатқызылған қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді медициналық қарап-тексеру «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19372 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.»;
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) келісімшарт бойынша қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді профилактикалық медициналық қарап-тексеруді;»;
3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер (бұдан әрі – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер) жылына бір рет профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

Қолданыстағы